Асылхан Әбдірайымұлының фотожурналистика тренингінен


th

1. Фотожурналистика тарихы

  • 1426 жылдары алғашқы қара жәшік пайда болады. Камера Обскура.
  • 1800 жылдары. Ломоносов кезінде оптика қатты дамиды.
  • Жозеф Нервс француз ғалымы 1826 жылы алғашқы түсірілім жасайды.
  • 1839 жылы 7-қаңтарда ғылыми конференцияда Фотография туған күні ретінде бекітіледі. Себебі осы күні Луи Жак Дагер алғашқы суретті сақтау мүмкіндігін жариялаған еді.
  • Кейін ағылшын ғалымы негатив, позитив, яғни пленканы ойлап табады (жоғарыдағы кісілердің аты-жөнінен қате кетуі мүмкін).

2. Фотоаппараттардың аксессуарлары

th (1)

  • Бір фотоаппараттың 100-ге жуық аксессуары бар (батарейкасы, картасы, фильтрі т.с.с.)
  • Фотоаппараттың объективі адам көзін негізге алып жасалған.
  • Объективтердің объективі ұзын болған сайын фокусы кішірейеді.
  • Nikon-ның ішіндегі шишасы қымбат материалдан жасалады. “Для души!”
  • Nikon мен Canon арасындағы айырмашылық ішіндегі сол шынысына байланысты

3. Диафрагма

  • Автоматпен түсірсем, камера түсіреді, бірақ фокусты жақсы істеу үшін диафрагма маңызды. Жабық диафрагмада (18-20 деген сандар) заттың артындағының бәрі көрінеді. Себебі тереңдігі артады. Ал ашық диафрагмамен (4, 5 деген сандар) бір адамды түсіретін болсаңыз қолданған дұрыс.
  • Диафрагмаға мысал. Көзіңді сығырайтсаң алыстағыны көресің ғой. Сол сияқты.

4. Ұсталым (Выдержка)

  • Ұшқан оқты қысқа выдержкада ұстай алады. M деген режиммен түсіретін болсаңыз қысқа выдержка болады. Бұны қолмен орнату керек. Мысалы, судың тамшылауы, фонтан т.с.с.
  • Француз ғалымы 1,5 секунд (!) ішінде түсірген 200 суретін жинап, көрме ұйымдастырыпты.

5. Фотожанрлар

    • Портрет  (ең қиын жанрлардың бірі)
    • Пейзаж
    • Архитектура т.с.с.

6. Фотожурналистика

  • Фотожурналистика – көзқарас пен пікірді сурет арқылы білдіру
  • Қырым соғысында фотожурналистика алғаш рет қолданылады
  • Фотожурналистика жанрлары: ақпараттық (фотайғақ, фоторепортаж, фотомонтаж, фотоколлаж, яғни ақпарат беретін фотожурналистика) және публицистикалық (фото-очерк, яғн өткен шақ пен бүгінгі шақты байланыстыру. Өз алдына ой тудыру, мәселе тудыру мақсатын қояды)

Шамил Жұматов, Reuters-тің Орталық Азия бойынша арнайы фототілшісі. Reuters-тегі блогы

Дендірбай Егізов қазақтың спорт журналистикасының негізін қалады.

Маңызды ақпараттарды сонымен қатар Асылхан Әбдірайымұлы ашып отырған “Фотоөнер” сайтынан оқи аласыз.

Фотоға түсіруге арналған кеңестер (Canon EOS 550D )

Фотиктің кнопкасын бірден баспау керек. Бірінші басқа кезде дыбыс шығады. Яғни фокусты ұстайды. Сосын қаттырақ басқан кезде сол ұстаған фокусты түсіреді.

Жарықты тиімді пайдалану керек. Адамды түсірген кезде жарық оған қай жағынан түсіп тұрғанын білу керек. Жарық көп болған сайын сурет анық болады. Жарық аз болса, выдержканы ұстау үшін қозғалмай штатифпен түсірген дұрыс.

Алдыңғы резбаны бұрауға болмайды. Себебі ол – автофукс. AF деген автофукс деген сөз. MF қолмен қойылатын фокус.

Түсірген суретті сақтау: tiff форматтар графикаға жақсы. row форматтардың көлемі үлкен болады. Салмағы ауыр.

Объективті қыстың күні (мысалы, сіз -20 градус аяздан келдіңі) бірден суретке түсіруге болмайды.  Жарты сағаттай қойып қою керек. Себебі буланып тұрған кезде түсірсе, ішіндегі механизмге зақым келуі мүмкін.

Объектив – фотиктің көзі. Сондықтан оның көзі неден жасалғанын мән беру керек. Пласмассадан емес, шыныдан жасалған болған сайын жақсы болмақ. Мысалы, очки алған кезде оправасы емес, әйнегі маңызды ғой. Сол сияқты.

Жақсы фото түсіру үшін выдержка  маңызды. Қысқа выдержка, мысалы – 1000, қозғалыстағыны жақсы түсіреді. Бұл жердегі 1000 дегеніміз бір секундты мыңға бөлінгендегі бөлігін ұстап қалады деген сөз. 30-дан төмен болса, штатифті қойған жөн. Сезімталдық , диафрагманы (жоғары болған сайын кең ауқымды жақсы алады (18-20)) (қалқа) меңгеру керек. 

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s