Выдержка, диафрагма және сезімталдық


Жаңадан ашылған Фотоөнер сайтын қарағанда «Жақсы фотоаппаратты қалай таңдау керек?» деген жазбаға көзім түсті. Ол жазбада қымбатын алсаң, жақсы деген пікір айтылады. Соның себебін енді ұғып отырмын.

Жақсы фотоға түсіру үшін выдержка, диафрагма, сезімталдықты меңгеру керек екен. Осы үш мүмкіндік барлық фотоаппаратта бірдей емес. Қымбат фотиктердің осы үш параметрлері жоғары болады екен.

Фотоаппарты таңдағанда осы үш параметрге қарап алу керек екен. Сосын ең маңызды фотоаппаратың көзі, яғни – объективі маңызды.  Объектив ішіндегісі пластмасса емес шыныдан жасалғаны жөн. Nikon қымбат материалдан жасағандықтан фотиктері қымбат екен. Объективтің ішіне үңілгенде қара тұңғиық тәрізді болып тұрса, ішіндегісі әйнек екенінен хабар береді.

Асылхан Әбдірайымұлының MediaNet-тегі тренингінен осы жайтты ұқтым. 

1. Выдержка

Жақсы фото түсіру үшін выдержка  маңызды. Қысқа выдержка, мысалы – 1000, қозғалыстағыны жақсы түсіреді. Бұл жердегі 1000 дегеніміз бір секундты мыңға бөлінгендегі бөлігін ұстап қалады деген сөз. 30-дан төмен болса, штатифті қойған жөн.

TV выдержка артықшылығы (спорт ойынын түсіргенде)

AV диафрагма артықшылығы (табиғатты түсіргенде)

2. Диафрагма

Диафрагманы (жоғары болған сайын кең ауқымды жақсы алады (18-20). Қалқаның ашылып, жабылуы

3. Сезімталдық

Сезімталдық (ISO) ең төменгісі – 100. Ең төменгісі сыртта түсіргенде жарық көп болған кезде қойылады. Жарық аз болса, сезімталдықты жоғары қою керек.

 

Инетте фотожурналистикаға байланысты курстар көп қой. Соны қалай бастасам екен. Фотоға дұрыс түсіріп үйренуді неден бастауым керек деп ойлап жүретінмін. Енді неден бастау керек екенін түсініп отырмын 🙂

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s