Журналистік білім беру: жаңа медиа мүмкіндіктері


“Журналистік білім беру: жаңа медиа мүмкіндіктері” деген атпен ҚазҰУ журфагында семинарымыз өтті. Ойларым ұшып кетпей тұрғанда жазып қояйын деп отырмын.

1378433_10202529820111159_682160182_n

OSCE қаржылай қолдап, ЮНЕСКО моралдық тұрғыдан қорғап, Қарлыға апай бастаған ҚазҰУ тобымен бірлесе өткізіп жатырмыз. Семинар соңынан тренинг қарастырылған еді.

Қатысушыларға үнхабар жасаудың жолдарымен бөлістім. Бұйыртса, ертең видеокаст жасаудың жолдарын көрсетпекпін.

Журналистикадан сабақ беретін қатысушылардың пікірлерін тыңдай отыра, өзіме көп жайтты түйіп отырмын. Қазақстанда 11 кафедрада журналистика бар екен. 17 млн. тұрғыны бар ел үшін бұл аз ба, көп пе білмедім. Меніңше аз сияқты. Тіпті кейбір өңірлерде журналистикадан сабақ беретін екі ғана оқытушы бар.

Семинардағы Өркеннің визуалды ақпаратқа деген сұраныс артып келе жатыр дегені, сосын әр журналист өзін бренд ретінде қалыптастыру керек дегенімен келісемін. Интернет журналист айлығы қалай есептелу керек деген мәселеде осы туралы айтқаным бар еді.

Журналистикадан сабақ беретін оқытушыларға мұндай тренингтер ауадай қажет. Өзі оқытушылардың саны да аз екен. Бәрінің басын қосып, бір жақсылап мастер-класс өткізер ме едік…

Сосын қазір SMM мамандарға сұраныс күшті. Бірақ ешкім оқытпай отыр. Ұзынқұлақтан кейбір мекемелер SMM маманға 160 мың теңге айлық төлеуге де дайын екенін естідім. SMM-детіп кетсек пе екен, әлде?..

Сурет Қарлыға апайдың  Facebook-тағы парақшасынан алынды

One thought on “Журналистік білім беру: жаңа медиа мүмкіндіктері

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s