Мақпалдың мақамды жырынан кейін


maqpalsher

“Мақпалдың мақамды жырлары” деген атпен Мақпал достарының басын қосып, гитарамен ән салып жүргенін Facebook-тағы парақшасынан көргенмін. Бұл жолы “Сайтымды ашып жатырмын, қонақ болыңыз” деген соң бардым.

“Мақпалдың мақамды жырлары” қаланың төменгі жағындағы кафенің жертөлесінде өтті. Жертөле – шағын топтың басын қосып, презентация жасауға ыңғайланған “Петрушка” кафесінің төменгі қабаты (Төлебаев пен Мақатаев қилысын төмендегі картадан көре аласыз). Әрі акустикасы да жақсы. Әркім ыңғайласып отырып, шай сораптап, ән тыңдап, көкейдегі ойларымен алмасты.

Мен кешігіп келдім. Кірсем, Мақпал “Қарсылық” деген әнін орындап жатыр. Сырлы. Мұңды. Жаңаша қарсылық.

Гитарашының көңілін бөлмейін деп сыртта біраз бөгеліп тұрдым.

This slideshow requires JavaScript.

Өз басыма Мақпал әнін бастамас бұрын оған шағын түсінік беретіні ұнады. Арасында анасы да Мақпалдың өмірінен қысқаша естеліктерімен бөлісті. Өзі де ойларын ортаға төкті.

Мақпалдың жырларын тыңдауға жиналғандардың деніне “азаматтық лирика” ұнайды екен. Менің түсінігімдегі “азаматтық лирика” – шығарма иесінің қоғамдағы немесе айналасында болып жатқанға қатысты өзінің көзқарасын көркем жеткізуі.

Көп адам бұны саясат деп ойлайды. Бәлкім солай да шығар. Бірақ менің түсінігімде өзін ақын санайтындар қоғамда болып жатқан зұлымдыққа, жамандыққа немқұрайлы қарамауы тиіс. Қолымен, сөзімен түзетуге шамасы келмесе, ең болмаса жүрегімен жек көретінін білдірсін…

Ұнағаны Мақпалдың мақамды жырларына жиналғандар өзара еркін пікірлесті. Бір-біріне мақтау сөздерін аямады. Бұл да әдебиетшілердің өзара жазылмаған ережесі шығар.

Дастарханда арақ-шарап та, түтіні будақтаған темекі де болмады. Кіл жастардың әдебиеттегі жағдайға қатысты ойлары мен қоғамдағы оқиғаларға қатысты көзқарастары қатар өрілді.

Өзін әдебиет өкіліміз деп санайтындар ұйымдасудың бейресми тәсілдерін қарастырып жатқаны ұнады. Осындай бастаманы қолға алып жатқан Мақпалға, қолдау білдіріп жатқан достарына сәттілік тілеймін! Сайты жай ғана авторлық сайт емес, қазақ әдебиетіне серпін әкелуге болатынын көрсететін ресурсқа айналса екен деймін.

“Жастар өлең тыңдамайды, залдар қаңырап бос тұрады” деп күңіренгенше бүгінгі оқырманның ақпаратты қабылдау тәсілі өзгергенін мойындап, әдебиетке шақыру үшін әдебиет әлеміне осылайша жаңа бір есік жасаған жөн шығар.

Слайдшоудағы суреттерді түсірген Қарлығаш Досанова

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s