ВИДЕО: өңдеуге арналған тегін 3 бағдарлама


«Нұр Медиада» істейтін танысым «Жалдамалы әскер» туралы инетке материал әзірлей аласың ба деген соң келісіп едім.

Видео жасамаққа бекіндім. Қайдағыыыы. Жалдамады әскер түгілі, әскерде жүрген танысым жоқ. Әйтеуір әскерде болған танысым есіме түсіп, демалыс күндері жұмысына іздеп бардым.

Бір есептен көптен бері камкодырды қолға алмап едім. Сонымен бұл видео Kodak камкодырымен түсірілді. Өкініштісі бұл камкодерде видео түсіріп жатқанда дауысын бірден ести алмайды екенсің.

Камкодр деген – инетке видео түсіруге лайықталып жасалған, көлемі қалтафондай ғана болатын, бірақ белгілі бір деңгейде сапалы видео түсіре алатын құрылғы.

Видеоны өңдеу үшін тегін бағдарламаларды қолдандым.

  1. Audacity бұрыннан бері қолданып жүрген аудио файлды өңдеуге арналған бағдарлама. Түсіну де, жұмыс істеу де өте оңай.
  2. Видеодан аудионы бөліп алу үшін AoA дегенді пайдаланамын. Өзім осыған үйреніп алдым.
  3. Ал видео монтажға VideoPad дегенді қолдандым. Бір рет еуропада треингте болғанда осыны көрсеткен еді. Ол кезде бұл бағдарламаның 14 күнге trail-ге беретін Қазір non-comercail version шығарған екен. Сонысы жақсы болды.

Видео жасағанда ең қиыны контент қой. Құрылымы, идеясы т.с.с. дегендей. Сонымен біраз басым қатты. Оның үстіне видео түсіргенде де біраз қателерім бар. Енді видео түсіруді жиілетсем, бірте-бірте инетке сапалы дүниелер әзірлей алармын деп үміттенемін. Ал әзірге, барымен базар!

 

Advertisements

2 thoughts on “ВИДЕО: өңдеуге арналған тегін 3 бағдарлама

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s