Контрактниктер көбейсе


IMG_6176

Әскерге қатысты не дүрлігіс басталғанын түсіне алмай жатырмын.

Әмірикадан келсем, балдызым екі айлық бір әскери жаттығуға барамын деп құжаттарын жинап жүр. Оның алдында Сәтпаевтағы шахтер бір інім: “Жұмыс, анау-мынау дегенге қарамайды. Екі айлық учебкаға алып кетті” деген.

Алматыдағы достарым “Сол учебкаға әскери кафедрада оқығандарды да шақырып жатыр. Жыл сайын әртүрлі взводты шақырады” деген. Очм, білмедім. Бізде көбіне огневаая подготовка болатын. Мылтық аттық. Одан бері екінші рет тирдің мылтығын осы жазда қолыма ұстадым.

Енді Астанадағы танысым “Келісім шарт негізіндегі әскери қызмет” туралы мақала жазып берсең қалай болар екен деп қиылды. Шамасы блогшылармен, журналистермен ынтымақтасып жұмыс істейтін бір жобаны қолға алғалы жатқан тәрізді.

Өз басым әскери адамдарды ұната бермеймін. Басты себеп – былапыт сөзді көп айтады🙂 Универде жүргенде аптасына бір рет военкаға баратынбыз. Мен үшін сол да жеткілікті. Қырсық қылғанда военкамыз Жұма күні еді. Құдай сәтін салып, иманжүзді оқытушылар жұма намазға барып келуімізге қарсы болмайтын.

Ал егер, шынымен де әскери қызметкер атанамын дейтін болса, жақсы бір жағдайлар жасап жатқанға ұқсайды. Маған жеткен ақпараттарда:

1. 80 мың мен 150 мың арасында айлық береді екен.
2. Пәтерді өздері тауып береді немесе пәтердің ақшасын өздері төлейді
3. Медициналық сақтандыруы бар
4. Зейнетақы қорына ақша аударады
5. Жылына бір рет отпуск береді
6. Балаларын балабақшаға орналастырады т.с.с.

(маған жіберген брошюрасын тапсам, жариялармын)

Әзірге есімде қалғандары осылар.

Келісім-шарт бойынша әскери қызметке барғыңыз келсе, мына бір жазбаны қарап шығуға кеңес беремін. Қандай құжаттар керек, қай кеңсеге бас сұғу керектігін толық жазылған екен.

Ағалары әскериде жүрген достарымнан сұрасам: “Иә, әскерилерге мемлекет тарапынан жақсы жағдай жасалады” дейді.

Жалпы, әскери қызмет келісім-шартқа ауысып, жұмыс тауып беріп жатса жақсы. Әрине “но”-сы да бар. Онсыз бола ма?! Кеше FB-да Әбіләкімнен осы туралы сұрап едім. Біраз жайтты айтты. “Дуб” деген қызық бір термин де естідім🙂

пысы. Суреттегі жігіт – менің інім.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s