Әміриканың әскерилері


ft laramie

Әмірикада негізі мені көп нәрсе таң қалдырды ғой. Бірақ ерекше таңқалдырғаны – америкадағы әскерилерге деген құрмет еді.

Вашингтонда ғылыми конференцияға қатысатын болып, Денвер әуежайында ұшағымды күтіп отырғанмын. Бізбен бірге залда жасы менен кіші, әскери форма киген (әлгі болотный цвет, жасыл дақтары бар киім) үш бала болды. Екеуі ұл, біреуі қыз. Жас шамалары жиырманың маңайы шығар. Былай енді сырттай қарағанда серьезный. Үстіндегі киімдері басқа болған соң, жиналған көпшіліктен бірден ерекшеленді, әрі өздері де бөлек бұрышта отырды.

Қызықтың көкесін ұшаққа отырғызу басталғанда көрдім. Диспетчер ұшаққа отырғызу басталғанын хабарлап болған соң: “Арамызда әскери қызметкерлер бар екен, ешкім қарсы болмаса, әуелі соларды ұшаққа отырғызайық” деп хабарлады. Сол-ақ екен, менімен бірге бағанадан бері күту залында отырғандар орындарынан тұрып, қол шапалақтап, қошамет көрсетті. Ішіндегі кемпір-шалдардың шаттанып тұрып, қол соққанына қатты қызықтым. Біздің әскер осындай дегендей үлкен бір мақтанышпен қарап, шығарып салды ғой. Әлгі үшеуі осындай қошаметке дайын болғандай қолдарын бұлғап, бірінші болып, ұшаққа мінді.

Кейін ұшаққа отырғанда олардың бізбен отырғанын ұмытып та кеттім. Бірақ ұшақ қонған кезде диспетчер ұшақтың қонғанын, енді шығуға дайындалуға болатынын айтты. Сонымен қатар “Ешкім қарсы болмаса, бізбен бірге ұшып келген әскери қызметкерлерді бірінші болып шығарсақ” деді. Отырғандар тағы да қол шапалақтады.

Жалпы әскери адамды қоғам болып осылай құрметтегенін алғаш рет көрдім.

Кейін универде оқып жүргенде де әскери киімін киіп, жаттығу жасап жүретіндер кездескен. Қазақстаннан келген Жібек есімді қыз да сондай бір әскери қызбен бөлмелес болды. “Байғұстың өмірі по часам расписана” дейтін бізге қонаққа келгенде. Сөйтсем, бұл әскери студенттер арнайы келісім шарт жасасады екен. Есесіне оқулары тегін. Әскери міндеттерін атқарады. Атқарып келген соң, оқуларын оқиды-мыс.

  • Менің қарт студенттерімнің бірі Сандраның күйеуі әскери адам болған.
  • Бил морфлотта қызмет еткен.
  • Ларамиде тұратын біздің үйдің ханымының подружкасы болған мариелдік Светаның ұлы әскери қызметте жүр
  • Біздің капмуста әскери факультет бар
  • Маған ағылшыннан көмектескен канадалық Боб – соғыс ардагері.
  • Соғыс құрбандарын ескен алатын күні соғыс ардагерлері есіктерінің алдарына керзі етіктерін шығарады. Машинамен өткендер сол етіктің ішіне тиын-тебен тастайды. Олар әлгі жиналған ақшаны соғыстан оралмаған достарының отбасыларына береді.
  • Универдегі жасы үлкен студенттердің көбі бұрын контракт бойынша әскерде болып, қазір универде тегін оқып жүр.
  • Ларамиге көрші орналасқан Шейен қаласында әскери база болатын.

Ойлап отырсам, әмірикада жүргенде айналамның бәрі әскери өмірге қатысты болыпты. Жалпы әмірикалықтар соғысқұмар халық қой. Сондықтан әскерилерді қатты әспеттейтін шығар деп ойлаймын. Әрі соғыс арқылы экономиканы жақсы көтеруге болады дегенді естігенім бар. Бұл енді басқа тақырып…

пысы. Астадан тұратын танысым “Келесі жылы да Қазақстан әскері тұтастай келісім-шарт негізіне көшеді” деген еді. Сол есіме түсіп, жазып отырғаным ғой. Сол танысым бір мақала жазып берші деп еді. Бәлкім, алдағы уақытта жазармын. Әзірге әскери келісім-шарт туралы білерім осы екен :)  Біздің қоғамда да болашақта әскери адамға деген құрмет жоғары болса екен деген тілек бар.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s