Дастарханның “рулевойы”


2013-04-27 18.39.07

Мұстафаны шығарып салдық. Әмірикасына кетті. “Әке-шешесі әртүрлі ұлттың мәдениетінен болса, балаға қиын тиеді” дегеннің жаны бар. Мұстафаны жұртқа таныстырғанда өзі де, мен де қиналамын. Мен үшін ол – америкалық. Өзі болса, арасында малайзиялықпын дейді, сосын қытай қаны бар, нағашы жұртым – неміс деп түсіндіріп жатады. Мен оған: “Сенің түрің маңызды емес, мен сенің өмірге деген көзқарасың америкалықтарға ұқсайтынын байқап, сені көбіне америкалық деп танимын” деймін. Қысқасы, әкесі малайзиялық болған соң, сол жаққа ұқсағысы келеді. Бірақ бәрібір толық малайзиялықтардай да бола алмайды. Өмірдегі ең қиын жайттардың бірі – өзіңнің кім екеніңді білмеуде шығар. Self identification-ыңмен дос болсаң, әрекеттеріңде де бір сенім болатын сияқты. ИМХО.

“Қазақстанда ең қатты таңқалдырған не болды? деп сұрап жатырмын. “Ең қатты таң қалдырғаны деймісің?” деді ойланып (Негізі ойларын бір блакнотына түртіп жүретін. Блог та бастаған. Бәлкім, кейін өзі дей жарялайтын шығар).  “Осы уақытқа дейін бірнеше үйде шай іштік қой. Қай үйде шай ішсек те дастарханның бір шетінде не тамақ ішпей, не сөйлемей бір байғұс қыздың шай құйып отыратынын көрдім. Соны әлі түсіне алмадым. Неге әркім шайды өзі құйып ала бермейді, а?” дейді. Не күлерімді, не жыларымды білмедім. Әрбір үйдегі келін сырт көзге солай көрінетін болса, шынымен қызық болған екен.

Келін дегеннің кім екенін айтып мың сөзбен түсіндіріп жатыр едім, біздің үйдің ханымы бір сөйлеммен тоқ еткізді. “Машинаның жүргізушісі болатыны тәрізді, әрбір дастарханның өз жүргізушісі бар. Дастарханның көңіл-ауаны сол жүргізушіге, шай құйып отырған келінге байланысты” деді.

6 thoughts on “Дастарханның “рулевойы”

    • Әмірикада оқушылар тоғызыншы кластан бастап джимға барады ғой деймін. Әйтеуір біз тұрған штаттағылардың дені еңгезердей болатын. Тамақты жегенде де нутришнға көп мән береді.

    • Тағы басқа қызық ойлары бар. Сізге қызық болса, арасында осылай жазып тұрайын.🙂

      • Әрине қызық, салт дәстүрді зерттеп жүрген соң басқа да халықтың пікірлерін білгің келеді.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s