Google Translate Қазақша


Google Translate

NB! Аударманы тексеруге ат салысу үшін суреттің үстінен шертіңіз!

Әзірге іске қосылған жоқ. Бірақ ағылшыншаңа сенімді болсаң, қазақша-ағылшынша, ағылшынша-қазақшаны сынауға қатыса аласың.

Санаулы күндер бұрын Google-да қызмет ететін танысымнан хат келген. Қысқаша мазмұны мынау: “Google Translate-ке қазақшаны қоссақ деп жүруші едің. Қазір қазақша аударманы ағылшынша негізінде сынақтан өткізіп жатырмыз. Мүмкіндік болса, сынап көрсең” депті.

Бірақ өз хатында бұл Google қазақ тілін аудармалар қатарына ресми қосты деген сөз емес дегенді нығыздады. Онысы түсінікті де еді. Сондықтан қазіргі қолдан көрсетер көмегіміз осы сынама жобаға ат салысу екен.

Әрине бас кезінде аударманың сапасы ойдағыдай болмайтыны, осы бір жобаға қатысты қаңқу сөздер де көбейері сөзсіз. Оны-мұныға қарамай көмектесемін десең, сілтемесі мінекей.

Біраз аудармаларға дауыс бердім. Арасында сапалы аудармалар да кездесті. Енді Google-дың аударма жүйесі алгоритм негізінде жұмыс істейтінін білетін боларсың. Әлі естімеген болсаң, мына видеоны көрерсің.

Мүмкін болса, осы жазбаның астына аудармаларды сынауға қатысуға бел шешсең, хабар беруіңді өтінемін. Ең болмаса, бір-бірімізді біле жүрейік. Достарыңа да айта жүрерсің. Сәттілік, бауырым!

Бұдан бөлек қырғыз және тәжік тілдерін де тексеретін адамдар керек екен. Танитындарың болса, айта жүрерсің.

One thought on “Google Translate Қазақша

  1. Алғаш блогпен ауырып жүрген кезде firefox қазақшаланып төбеміз көкке жеткендей қуанып едік, енді міне ғаламтор түп түгелімен қазақшылынып атыр машаллаһ

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s