Уордпресшілер кездессек, қалай қарайсыңдар?


Бір айдай болып қалыпты. Елге оралдық. Шүкір. Алматы көшелеріндегі адамдардың дөрекілігіне, шопырлардың көлік жүргізу мәдениетіне таң қалмайтын болдым. Соған қарағанда алматылық өмірге қайта үйренісе бастағандаймын.

Алматы өзгерген. Бұрынғы қарбалас өмір екі еселенген тәрізді. Көлік көбейді ме, адам көбейді ме, әлде халықтың уайымы көбейді ме әзірге түсінбедім.

Жұма күні “Түркістан” газеті редакциясында тренингім бар. Үнхабар мен бейнехабар жасауды көрсетсем деп отырмын. Таныстарды сол жерге кездесуге шақырғым келіп отыр. Бірақ мен өзім тренер ретінде шақырылғандықтан өзгелерді шақырсам, ыңғайсыз болар ма екен деп ойлап отырмын.

Ертең ораза айт. Құтты болсын!

Уордпресс ашылған екен. Жаңа блогтардың тіркелгенін байқадым. Уордпресшілер бір бас қосып, шайға жиналсақ жақсы болар еді🙂

11 thoughts on “Уордпресшілер кездессек, қалай қарайсыңдар?

  1. Жиналсақ шышында жақсы болар, Асхат Шымқалаға кеп қалар деп өткенде айтылып жүрген еді, келіп кетіп қалған жоқсы ба🙂

    • Шымкент жаққа әлі жете алмай жүрмін. Қонағыма Түркістанды көрсетсем деп едім. Бұйырғанын көрерміз.

  2. егер кездесу уақыты белгіленсе айтарсыздар, блог ретінде де жазсаңыздар болады құлақдар етіп… қалып кетпейік.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s