#ISOJ көкейге түйген 19 ой


2013-04-19 06.34.41

#ISOJ аяқталды. Ұмытылмас конференцияларымның бірі болды. Әсіресе Минди Макадамс және Альберто Каиролармен кездескеніме қуандым. Конференциядағы ойларымды қысқаша жинақтап ұсынып отырмын.

  1. Өз жұмысын насихаттау, ақпарат іздеу және уақытын босқа өткізіп жатпағанын дәлелдеу үшін туиплдар сілтемемен бөліседі.
  2. Интернет басылымын дамытқысы келетіндерге http://www.csmonitor.com/ тәжірибесін зерттеуге, саралауға кеңес беремін. Басынан бақайшағына дейін!
  3. Сайттар барлық құрылғыларға лайықталып жасалуы тиіс. Комп, таблетка, смартфон т.с.с.
  4. http://www.bostonglobe.com/ дизайн мен архитектураның маңызына жақсы мысал.
  5. Дизайн компания үшін емес, оқырман үшін жасалады. Сондықтан ыңғайлы, түсінікті болуы тиіс. Дизайн күрделілікті емес, қарапайымдылықты жақсы көреді.
  6. Жаңа медиаға қатысты алатын болсақ mobile дегеніміз көлемге немесе салмаққа қатысты қолданатын сөз емес, ыңғайлы дегеннің баламасы.
  7. Әлеуметтік желі сауаттылығы – әлдебір расталмаған ақпаратты көпшілікке таратудың ар жағындағы қауіпті бұқараға түсіндіру by @acarvin #ISOJ Толық мақаланы мына жерден оқи аласыз.
  8. Медиа сауаттылық бастауыш сыныптан бастап оқытылуы керек. Медиа сауаттылыққа қатысты ЮНЕСКО-ның мына кітабын пайдалануға болады.
  9. monitter.com – болашақта twitter жазбаларды конференция барысында жариялауға көмектесетін жақсы құрал.
  10. Бүгінгі медиа нарық журналистика факультеті студенттері self organized және ұжымдасып жұмыс атқару, статистика мен ақпараттық технологиялық біліммен қаруланғанын қалайды. Бірінші кезекте сөзсіз оқиғаны баяндау қабілеті жетік болуы тиіс.
  11. Мобилді журналистиканың қоғамға көмектесуінің тамаша үлгісі NT MOJO Аустралиялық жобасы.
  12. Мобайл платформа жасаушыға арналған 5 кеңес: 1. Оқырманның мазасын алма. 2. Оқырмандарыңды тыңда. 3. Бұл жайттарды әдетке айналдыр. 4. “Ананы бас,  мынаны шерт, видео мына жерде” дегенді ұмыт. 5. Жұмысыңнан қатты шаршасаң телефоныңдағы ойындарды ойна :) (by David Ho, editor – mobile, tablets & emerging technology, The Wall Street Journal )
  13. MOJO бойынша қарайтын сайттар http://new.allissarichardson.com/,  linda.com Allissa Richardson, assistant professor of journalism, Bowie State University
  14. Media Substitution Theory, Media Supplementation Theory
  15. Дата журға кіріспе ретінде Майами Университетінің коммуникация бөлімі төмендегідей пәндерді міндеттілер қатарына жатқызбақ: Журналистік қабілет, график дизайн мен веб дизайын, дата жур, инфорграфик пен визуализацияға кіріспе, журналистерге арналған программалау тілдері
  16. Визуалды әңгімелеуге қатысты үздік екі мультимедиалы мысал. Snow Fall, Cyclying’s road
  17. Америкадағы ажалы қарудан болғандарға қатысты визуализация
  18. Журналистика ұжымдық кәсіпке айналып келеді. Енді журналистер, зерттеушілер, программистер мен дизайнерлер бұрынғыға қарағанда өте тығыз жұмыс істейтін кезеңге аяқ басып келеді.
  19. Құдайдан қорықпайтын журналистер қорқу керек. Жалған ақпарат жарға жығады.

жаңадан естіген терминдерім: Paywall – контентті ақылы қылдыру жолы,

Responsive design – барлық мобилді құрылғы сұранысына жауап беретін дизайн.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s