Онлайндағы мәтінге қатысты 8 кеңес


Бұл кеңестер қазақ тілінде ақпараттық сайт жүргізіп жүргендерге бағытталады. Жазбадағы кеңестердің кейбірі төмендегі кітаптан алынды.

image

Ең бірінші мына жайтқа келісіп алайық. Интернетте отырғандар жаңалықты оқымайды. Шолып шығады. Көздерімен сүзіп өтеді, т.с.с. Сондықтан оның көздерін ұстап қалатындай кедергілер, ілмектер, т.с.с. жасау керекпіз.

Екіншіден, онлайнға мақала жазбас бұрын Интернетті қолданушы оны қалай тұтынатынын (оқитынын, көретінін, тыңдайтынын немесе ойнайтынын) жақсы білуіміз керек.

Үшіншіден, онлайнға шыққан мақала оқиғаны баяндауы тиіс.

Енді осы үш жайтқа қысқаша тоқталып өтейін.

Интернетте оқиғаны баяндаудың бірнеше жолы бар:

  • видео
  • аудио
  • сілтмелер жинағы (storyfy тәрізді)
  • сауалнамалар
  • слайдшоу, суреттер
  • чаттардың жинағы
  • таймлайн
  • табилицалар
  • карталар
  • графиктер
  • т.б.

Техникалық немесе басқа де себептерге орай мәтінмен ғана ақпарат беруді жөн санасаңыз. Мына жайттарға назар аударыңыз:

  1. Тақырып. Мәтіннің тақырыбы ақпараттық стильде жазылғаны жөн. (Мысалы, 26 жастағы жігіт әкім болды дегеннен гөрі, 26 жастағы Павел Кулагин әкім атанды деген дұрыс. Тақырыпқа кісі есімін қосу арқылы сіз іздеу жүйесі арқылы мақаланың оңай табылуына үлес қосасыз)
  2. Кілт сөздер. Мәтін ішіндегі маңызды сөздерді, сөз тіркестерін ерекшелеген дұрыс. Интернетшілер көздерімен мәтінді сүзіп отырғанда қарамен боялған сөздер назар аудартады.
  3. Құрылым. Егер әлдебір жайтты тізбелеу керек болса, алдында қара нүкте немесе сызықшалар қойып тізген абзал.
  4. Параграфтағы сөйлемдеріңіз қысқа болсын. Әрі әрбір параграфтың арасын бөліп отырыңыз. Бұл көзге оқуға жеңілірек. Мысалы, «Түркістан» газетінің сайтындағы мақалалар қызықты болғанымен, параграфтардың арасы бөлінбегендіктен – көзге ауыр.
  5. Сурет. Мәтінмен бірге міндетті түрд бір сурет болса да жариялаңыз. Сөзден гөрі суретің айтары көп екенін естен шығармаңыз.
  6. Ілмектер. Мәтінді жазып болған соң, оқырмандар аталған мәтінді қандай кілт сөздер арқылы табуы мүмкін екенін ойлаңыз. Сосын кілт сөздерді  tag деген жерге енгізіңіз. Бұны біз мәтінді ілмектеу деп атаймыз. Ілмектелген мәтіндер Google, Yandex, mail.ru т.б. іздеу жүйелері арқылы оңай табылады.
  7. Іздеу. Мәтіннің тақырыбындағы сөздер, мәтіннің ішінде 2-3 рет қайталанса жақсы. Бұл іздеу жүйелерінде сізді мәтініңіздің оңай табылуына септеседі.
  8. Сілтемелер. Әрбір мәтіннің ішіне кем дегенде 3 ішкі сілтеме жасаңыз. Мәселен, Сергей Кулагин туралы айтып отырсаңыз мәтін ішінде оның аты жазылған сөзге өмірбаяны көрсетілген сайтқа сілтеме жасаңыз. Сайтыңызда ішкі сілтемелер немесе сізге бағытталған сыртқы сілтемелер көп болса, сайтыңыз сенімге ие екенін көрсетеді. Сенімге ие сайттар да іздеу жүйелері арқылы жасалған нәтижелерде алғашқы беттен көрінеді. Қызық үшін Check Page Rank деген сайтқа кіріп, сайтыңыздың сенім деңгейін тексере аласыз. Мысал ретінде мына жазбамды қарасаңыз болады. Жазбада сурет те, видео да, ішкі сілтемелер де бар.

Мәтін ішіндегі көркемдік, тіл тазалығы, оқиғаның шындығы т.с.с. журналистиканың негізін құрайтын құндылықтар еш өзгермейді. Сондықтан жоғарыдағы кеңестеді қабылдау, қабылдамау өз еркіңіз. Ең бастысы, Интернеттің келуімен оқырмандардың ақпаратты тұтыну дағдысы өзгергендігін, тиісінше біздердің де ақпаратты ұсыну салтымыз өзгеруі тиіс екенін ұмытпаңыз. Мобильді телефон арқылы сайт аралайтын адам, ұзын-сонар мақаланы оқығаннан гөрі, сол мақаланың мазмұнын баяндайтын видеоны көруді қалайтыны рас қой.

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s