Анау-мынау: ғылыми зерттеудің түрлері


Жазда елге қайтатын болған соң, ескі дәптерлерімді парақтап отыр едім. Лекцияларда түртіп алғандарымды, бір жерге жинай жүрейін деп, осында жариялағанды жөн көрдім.

Types of research

Суретте ғылыми зерттеудің екі тәсілі көрсетілген.

1. Inductive (индуктивті), Америкада көбіне qualitative [оқылуы: куалитатив] (аудармасы: сапалық) деп таниды

2. Deductive (дедуктивті), Америкада көбіне quantitative [оқылуы: куантитатив] (аудармасы: сандық) деп таниды

Ғылыми зерттеу процесін шеңбер ретінде қарастыра аламыз.

Дедуктивті тәсіл теориядан басталады. Адам өзінің зерттеуін әу бастан бір теорияға сүйеніп жасайды. Тоериясынан тұжырымдар шығарып, сол тұжырымын дәлелдеу үшін мәліметтер жинақтайды, сосын мәліметтерін тарқатады. Бұл тәсілді дәлелдемелі тәсіл деп тануға болады.

Индуктивті тәсіл бақылаудан басталады. Адам бірінші бақылау, мәліметтер жинап, сосын онысын сараптап, одан кейін соған лайықты теориясы табылса, теориясына сүйеніп түсіндіреді. Бұл тәсілді түсіндірмелі тәсіл деп атауға болады.

Бұдан бөлек аралас тәсіл деген де жаңа бағыт бар. Бұл дәлелдемелі және түсіндірмелі тәсілдердің қосындысы.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s