Дата журналистика туралы неге айттым? #KZSRK


Астанада Қазақ сайттары редакторлары бас қосты.

Панелдік пікірталас форматында ұйымдастырылғаны ұнады. Бірақ әңгіменің басын техникалық себептерге орай тыңдай алмадым.

Бірінші бөлімдегі айтылғандар есімде онша сақталмады.

Әйтеуір Интернет ұлттың қамын жақсартатын құралға айналуы тиіс деген ой айтылды деп түйдім. Сосын тым ресми болып, үкіметтік ұйымдардың “біз биыл да мынша сайт жасаймыз, ресурс ашамыз” дегендерін түсіне алмадым. Мысалы, балаларға қатысты арнайы ресурс ашылмақшы. Бірақ оған бюджеттің ақшасын құртудың не қажеті бар? Есесіне, үкімет сондай жоба жасап жүргендерге (мысалы, @balanakz) қолдау білдіргені жөн емес пе? Үкіметтің kaztube.kz жобасы бар. Бірақ ел ішінде үш-төрт бала бірігіп жасаған kiwi.kz көбірек танымал екені аян.

Екінші бөлім ең қызығы, әрі түрлі ойлардың тоқайласқан орны болды. Жаңа ақпарат көп айтылды. Сырттан қатысқан үшеуміз (Жанарбек екеуміз АҚШ-тан, әрі Қытайдан бір бауырымыз қатысты) өзімізге дауыс берілгенде залдағы отырғандардың айтқандарын ести алмай отырдық. Сондықтан әңгімеге килігіп кетуім қиынға соқты.

Константин Горожанкиннің “қазақ журналистері билікке алақан жаймауы керек” дегені құптарлық. Дәстүрлі медиадағы жағдай жаңа медиада да қайталанып отыр. Қазақ интернетшілері үшін Қазақстан нарығының есігі тарс жабық. Себебі нарықтың тілі – орыс тілі.

Мен негізі “жаңа медиа және қазақ журналистикасы” деген төртінші панельге дайындалғанмын. Data Journalism туралы айтармын деп ойладым. Ойымды екінші бөлімде айтудың сәті түсті. Рауан Кенжеханұлының модераторлық стилі ұнады. Негізі әр панельдің қызықты өтуі тікелей сол модераторларға байланысты. Рауан маған алдын ала хабарласып, не жайлы айтатынымды сұрағаны дұрыс болды. Сол арқылы екінші панельде ойыммен бөлістім.

“Интернеттің келесі кезеңі жайлы бас қатырып жатқандар көп. Батыста бұны A Big Data дәуірі деп жатыр. Себебі қазір Интернетте ақпарат көп. Интернет ақпараттар роботтардың көмегімен жасалатын күрделі жүйеге айналып келеді. Келешекте соларды сараптайтын адамдарға сұраныс туады (жоғарыдағы ағылшын тіліндегі видео сол туралы). Осыған орай қазақ журналистикасын Data Journalism-ге де дайындау керекпіз” дедім. Бірақ бұл пікірімді тек санаулы адам ғана ұққан тәрізді.

Үшінші бөлім туралы көп айтпаймын. Терминшілер мен терминология туралы болды. Сосын латын қарпін қозғады.

Төртінші бөлім, аса тартысты болып, “Қазақ журналистикасын жаңа медиаға қалай бейімдейміз?” деген сарында өтетін болар деп топшылаған едім. Бірақ модератордың спикерлерге қойған алғашқы сауалынан-ақ тақырып жалпы Қазақ журналистикасы және Интернет дегенге ойысты. Негізі қазақ тілінде медиа тренерлерді дайындау ісі, жаңа медианы зерттеу жолдары, “Ақпаратты Қазақстан – 2020” бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты журналистік ортаның өз көзқарастары көрсетілсе деп едім.

Бірінші конференцияның өткені қуантады. Менің ойымша мұндай шаралар жиі өткен сайын кәсіби мамандар сұрыпталып, мәселенің жілігін шағатындар табылады. Сол кезде мәселені аз талқыланып, шешу жолы жайлы көбірек пікірлесеміз деп сенемін.

2 thoughts on “Дата журналистика туралы неге айттым? #KZSRK

  1. Қосыламын, Асеке. 4 бөлім біраз айдалаға кетті. Бәрібір, айналып келгенде, нақты ғылым болмаса, 1000 жерден жиналудың 1 тиындық пайдасы болмайды. Журналист быраттар, соны ұқса екен. Және, бір байқағаным акцентті өздеріне тарта береді. Тіпті, қазақ интернетін тек солар контрол жасауы керек сияқты.

    • Журналистердің көбі әлі күнге дейін сол ақпараттық технология мен журналистика дегеннің ара-жігін ажырата алмай отыр-ау. Осындай жиындар жиі өтіп тұрса, кәсіби мамандар тез шыңдалар еді. Блогшылар блогқұрылтаймен жақсы ысылғаны көрініп тұр.🙂

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s