Data Visualization – 1


4523201377_71db33faed

Осы аптада DV (data visualization) бірінші сабағым басталды. Қандай курс деп ақпарат іздесең, мына жерден табасың. Онлайннан оқып жатқан сабағым болған соң, ойларымды блогыма түртіп отырғанды жөн көрдім. Ағылшын тілінде өтіп жатқан сабақта қазақша ойларым түсініксіздеу болып жатса, пікір ретінде сұрарсың.

Мәліметті визуализациялау – функционалды өнердің бір бөлігі (piece of functional art) деп қарастырылуы керек.

Өнерде кез келген форма мақсатқа байланысты.

Біздің әлеміміз ақпаратқа толы. Қазіргі кезде ақпараттар дижиталға көшкендіктен, дижитал ақпарат жетіліп артылады. Бүгінгі әлем күрделеніп барады. Осы күрделілікті журналистер адам миы түсінетіндей етіп жеңілдетіп түсіндіруі керек. Инфографика дегеніміз мәліметті жинақтап, түйіндеу ғана емес, сонымен қатар мәліметтің ар жағында жатқан ойды ұқтыру.

График – құрал. Балғамен шеге ғана қақпаймыз. Орындық құрастырамыз. Графика да солай тек қана сандарды жинақтап қоймай, сандардың ар жағындағы ойды жеткізуі тиіс.

Кез келген сәтті инфографиканың балға тәрізді қызметі, пияз тәрізді қатпарлары және математикалық теңдеу тәрізді әдемілігі мен шынайылығы бар.

Инфографика жасамас бұрын: “Оқырмандар бірінші кезекте қандай сауалға жауап іздеп отыр?” дегенге жауап табу керек. Графиканың формасын соған орай таңдаған жөн.

Инфографика және визуализация (қазақша баламасын қарап көретін екен)

Инфографика – мәліметті таныстырады. Дизайнер сол сығымдалған мәліметпен оқиғаны баяндайды.

Дата визуализация – мәліметтің түрлерін таныстырады (explored data). Мысалы, картадан мәліметтерді көрсетеді. Ол оқиғаны баяндамайды. Бірақ белгілі бір мәліметтің көмегімен сандарды тарқатып түсіндіреді.

Түптеп келгенде өте үлкен айырмашылық жоқ.

Кез келген графика оқырманның санасындағы сауалға жауап ұсынуы тиіс. Бірақ одан бұрын графиканы жасаушы әуелі “оқырман қандай сұраққа жауап іздейді?” деп өз-өзіне сауал қоюы тиіс.

NB! Data blog – The Guardian

Good Magazine

Data Journalism resources

Инфографика мен визуализация – мәліметті түсінуге, сараптауға көмектесетін қарым-қатынас құралы.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s