Айналайын, Ғайни!


Қызды болдық. Құдайға сансыз мадақ! Әке болу сезімі шынымен басқа екен. Жауапкершіліктен бөлек, есейгеніңді түсінесің. Өз әкеңді де жиі ойлайсың. “Әрі қарай не болады?” деген сұрақтар көп түртпектейді. Бірақ кішкентай Ғайнешке қараған сайын әлем тоқтап қалғандай екен. Жаратылыстың құдіретіне бас иесің.

Көпшілік құттықтап жатыр. Ризамыз. Аллаһ разы болсын. Өздерінде де қуаныш көп болсын, әрі сауапқа толы істер жасарлық ниеттеріңіз азаймасын.

Баффало деген қала бар. Біз тұратын штаттың солтүстігінде. Осындағы Мұстафаның анасы сол жақтан. Ғайнидің дүниеге келгеніне қуанып, сол жақтан тәтті тоқаш (банан мен жаңғақ қосылған) салып жіберіпті.

Сәрсенбі күні жақын жердегі фермаға барып, қой сойдық. Мұсылманша! Жаңа сол ақиқаның етін таратып болдым. Шынымен де жеңілдеп қалғандай екенсің. Ақиқа – баланың хақысы дегенді естігенім бар. Шетелде жүрсек де қой сойып, дәстүрімізді сақтауға себепші болып отырған Аллаһқа сансыз мадақ!

Есімі неге Ғайни?! Біздің үйдің ханымы екеуміз біраз ойландық. Қазақи, әрі мағыналы болғанын қаладық. Мен екі буынды болса екен дедім. Әрі діни астарынан да ажырамаса деген ниет болды. Ғайни – көне араб сөзі. Егер араб тіліндегі “ғайн” әрпімен айтса, таңдаулы деген мағына береді. Бірақ негізі араб тілінде бұл есім “айн” әрпімен жазылады. Қазақ тілінде “айн” әрпі болмаған соң, “айннан” басталатынның бәрі “ғ”-мен жазылады. Сондықтан бізде Ғалия – Әлия, Ғалым – Әлім, Ғибадат – Ибадат т.с.с. есімдер бар. Ғайниді “айн” әрпімен оқысақ “менің көзім”, яғни, “көзімнің нұры” деген мағына шықпақ. Қазақтың “айналайын” деген сөзіндегі “айн” деген сөз де сол мағынаны береді. Яғни, “айналайын” араб тілінің “айнул айн” – көзімнің көзі немесе көзімнің қарашығы дегенге саяды.  Қазақтың бір әрпін болса да көзінің қарашығындай қорғасын деп “ғ”-ны қалдырдық. Бірақ біз қызымыздың есімін “көзіміздің нұры” деген мағынада түсінеміз. “Әйелің мен балаларың сендердің әшекейлерің” дегенге де саятын хадис те бар екенін ұмытпадық!

Бұйыртса, Ғайнидің сүйіншісін елге оралғанда бере жатарсыңдар.😉 Әзірге қазақтың әрбір баласы қайда жүрсе де аман болсын деп дұға қылып қойыңыз!

пысы. Сурет интернеттің тереңінен алынды. Мында “ғ”-ға тілі келмейтіндерге қызымызды Айни деп атауға да рұқсат бердік. Мағынасы өзгермейді екен🙂

16 thoughts on “Айналайын, Ғайни!

  1. Машаллаһ, Аллаһ қайырлы ұрпақ етсін, құрдас. Ғайниің ғұмырлы болсын! Әкелік сезім шынымен қызық екен:)) Мен өзім бір айдай сен алмай біртүрлі сезімде жүрдім де кейін бірден ет жүрегім езіліп кетті. Жоқтан бар жасау, адамнан адам шығару Алланың ғана құдіреті екенін терең сезінеді екенсің. Иманигүл екеуміз шын қуаныштымыз.

    ..Сүйіншісін… Сен маған, мен саған ба әлде өзара ымыраға келе салайық па?:)))

    • Қалауын білсің, құрдас. Мұқатайға әмірикадан беріп жіберген сыйлық Алматыдан әрі аса алмай тұр. Алматыға тағы бір келгенде хабар берерсің🙂

    • Рахмет, Әйгерім! Студенттердің мені ұмытпай қуанышыма ортақтасып жатқандары көңіл қуантады. Өздеріңе де табыс тілеймін!

  2. МашАллаһ! Тамаша есім! Ғайниларыңыз ізгі ұрпақ әрі көздеріңіздің қуанышы болсын!

  3. Бауы берік болсын, Асхат! Өте қуаныштымын!)
    Сен үйленгенде әскерде болып едім, мына қуанышыңа ортақ болғаныма қуанып отырмын!

  4. Асеке, ассалаумағалейкум! Айттарың қабыл болсын! көптен бері виртуалды әлемге кірмей жүрген едім. бүгін кіріп, біраз дүниені ақтарып шықтым. Қызыңның бауы берік, ғұмыр жасы ұзақ болсын! Айтпақшы, мен де жақында ұлды болдым. Бүгін қырқынан шығарып жатырмыз.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s