Олимпиада


Студентімнен открытка келіпті. Өткен апталарда Аруба деген аралда өтетін бауырымның тойына барамын деп сұранып кеткен. Америкалықтарда сондай дәстүр бар. Бір жаққа саяхаттап шықса, сол жақтан таныстарына открытка жолдайды.

Кеше поштамды ашып қалып, открыткасын көріп қуанып қалдым. Өзі қызық бір кісі.

Бұрын кемеде қызмет еткен. Сосын ішкілікке салынып, түрмеге түскен бе, сондай бірдеңесі бар. Бірде мені машинасымен үйге апарып тастамақшы болған. Сонда машинасын от алдырмастан бұрын бір түтікке үрлейтінін көрдім. Үрлемесе, от алмайды екен. Бізде полиция жүргізушілердің ішкен, ішпегенін анықтайтын құрал бар ғой. Сол сияқты. 

Егер аузынан алкоголь иісі шықса, онда машина от алмайды екен. Соңғы рет машинаны ішіп, айдағаны үшін осындай үкім кесілген екен. Сегіз айдай машинанын осындай құралмен айдайды. Егер басқа сау кісіге үрлетіп, кейін ұсталып қалса, онда өмір бойы правасынан айыралады.

Кеше тағы кездескенбіз. Машинасында әлгі құралы жоқ. “Үш апта болды сынағым аяқталды” деп қояды.

Әр адамның өмірінде шағын олимпиадалар болып тұрады. Студентімнің сондай олимпиадасының жеңімпазы атанғанына қуандым!🙂

 

One thought on “Олимпиада

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s