Қарт студентім блог бастады


Студенттерімнің көз алдымда қартайып бара жатқанын көрген сайын уайымдаймын. Бүгін үйреткеніңді ертең ұмытып қалады. Бес минут бұрын айтқанын  есіне түсіре алмайды. Айтайын деймін де іштен тынамын.

Қарт студенттердің жақсы жері – сабырлы. Өте сабырлы. Әлдебір шешімге келемін дегенше күтіп отыру керек. Сосын америка қарттары көмектескенді ұнатпайтынын білесің ғой. Қателесуге де мүмкіндік беру керек.

Студенттерімнің кішкентай жеңісіне қуанамын. Компьютерден дұрыс кнопканы тауып, соны басар кезде тау қопарардай күш жұмсайды. Дұрыс болса, көзін жымитып қуанады. Әрбір жеңіс – қуаныш!

Бір студентім блог бастады. Өткенде үнхабар (подкаст) да жаздық. Студентімнің блогына кіріп, 1-2 пікір қалдырарсыз.

Мынау студентімнің блогы: http://SaintJohnBlog.wordpress.com

Қарттар тек қана қуанып жүрсін!!!

My First Podcast.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s