Жүректер жақындасын десек…


Блогымда “Өсиет әңгімелер” деген бөлім бар. Соған діни сипаттағы естіген, көрген-білгендерімді жинақтайтынмын. Жаннаның (@altygradus) ФБ-дағы жазбасынан бір түйір әңгімені көріп қалып, коллекцияма қосып қойғанды жөн көрдім.

Интернеттегі коммуникация

Интернеттегі коммуникация

Жүректер айғайлап сөйлесе…

Бір күні ұстаз шәкірттерінен:
– Неге адамдар дауласқанда дауыс көтеріп сөйлейді? деп сұрады
– Себебі адам ұрысқанда сабырдан айрылады, – деді бір шәкірті.
– Ендеше неге адам дәл қасында тұрса да айқайлады? – деп қайта сұрады ұстаз. – Жәй сөйлесе болмай ма? Неге ашуланған адам даусын көтереді?

Шәкірттер әртүрлі жауаптар бергенімен ұстаз ешбір жауапқа қанғаттанбады.
Ақырында өзі түсіндірді: “Адамдардың бір-бірінен көңілі қалғанда, ашуланып ұрсады. Бұл мезетте жүректер алыстайды. Сол арақашықтықта жақындау үшін, бір-бірін есту үшін, дауыстарын көтеріп сөйлеуге мәжбүр болады.

Ғашықтарды мысалға алайық. Ғашықтар дауыстарын көтермейді, керісінше жәй дауыспен сөйлеседі. Себебі олардың жүректері жақын, арада қашықтық жоқ. Адам ғашықтықтың тереңіне бойлаған сайын сыбырға көшеді. Махаббат лаулайды. Ақырында тіпті сыбырласудың да қажеттілігі болмайды. Олар бір-біріне қарағаннан-ақ ыммен түсінеді. Мұндай жағдай шын жақсы көретін адамдар арасында болады.

Айтпағым, тіпті дауласқан жағдайда да, жүректерің алыстамасын, араны одан әрі алыстатар сөздер айтпаңдар. Себебі бір күні араларың жақындасар жол да қалмайтындай қашықтыққа дейін алыстап кетуі мүмкін…

P.S. Бұл кеңесте интернетте де бір-бірімен сөйлесіп жүргендер қолданса деймін. Долы, қатты, ащы сөзге қарағанда жылы, тәтті, жұмсқа сөздер жүректерді жақындатады.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s