Сағыныш вирусы


Өткенде біздің қалаға бір қазақ кісі келді. Шамам келгенше қаланы көрсетіп, білген ақпараттарыммен бөлісіп жүрмін. Ағамыз сөз арасында: “Елді сағындың ба?” дейді. 

Ішімнен “Қызық сұрақ екен” деп қоямын. “Сағындым” десем әлсіздігімді көрсетіп, өміріме шағымданып тұрған болармын, әрі ағамызды да алаңдатармын дедім де: “Шетелге алғаш шығуым емес қой. Қатты сағынып бүгін барып ұшаққа билет алатындай күйде емеспін. Отбасым қасымда” дедім. Содан кейін әңгімені басқа жаққа бұрып әкетті.

Сол сұрақты қасақана қойғанын кейін білдім. Берген жауабыма қарап ұлтшылдығымды тексерсе керек.

Құдайым-ау, елді сағындым деп екі көзім мөлтілдеп, жылауым керек пе енді? Сағынбайтын адам бола ма? Сағынамыз ғой, әрине. Бірақ елді сағындым, ішқұсада жүрмін деп қыдырып келген адамға мұң шаға берсек, не болғаны?

Шетелге шыққан әрбір адамның бойынан “сатқындық вирусын” іздегенше бір ауық адамдар өз ішіне үңілсе екен…

P.S. Жұмыста “Рахаттың” кәмпиттерімен шай сораптап отырмын.

8 thoughts on “Сағыныш вирусы

    • Рахмет, Қуаныш! Адамға керегі сол тұнық ой болып тұр-ау… Сендермен бірігіп қашан шай ішер екенбіз, ә? Сіздің үйдің көк шайын әлі ұмытқан жоқпын🙂

  1. Oinizben tolik kosilamin. Tiptu menin oyimdi jazip koygandaysiz )) Saginip, zarigip jyrgen jokpin dep jayap bersem, sol elde kalayin dep jyrgen chigarsin degen jayap alamin ))

    • Сен де елден жырақта жүр екенсің-ау, Ақбота! Аллаһ тағала өзі жәрдемші болсын! Хабар үзбе!!!

  2. Шетелге шыққан әрбір адамның бойынан “сатқындық вирусын” іздегенше бір ауық адамдар өз ішіне үңілсе екен…
    Шетке шыққан адамдардың осылай істейтінін білмеппін. Мынаусы дұрыс емес екен.

  3. Сағыныш қайда жүрсең де,жүрегіңде тұрары анық. Кеще адам болмасаң, өз ел-жұртыңды сағынбай қалай күн кешуге болады? Осының мәнін ұғынатын да,ұғынбайтын да ел бар.

    *Айтпақшы, “Рахаттың” кәмпиттері қалай тап болды?🙂

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s