Ғылыми жетекшімнің үйі


Шынымды айтайын. Бұрыннан көргім келіп жүрді. Іштей бір қызығушылық түртпектейтін де тұратын. Қызық қой енді. Америкалықтардың үйлерінде бұрын болсам да ғылыми жетекшімнің үйінде болып көрмеген едім.

Майкл терамису кесіп жатыр

Майкл терамису кесіп жатыр

Өткен аптада қонаққа шақырды. Салқын ас деп аталады екен. Бір бөлмедегі үстелге салат, тәттілер, сусындар қойған. Негізгі бөлмеде жағалай орындықтар қойылған. Америкада қонаққа барғанда тамақ емес, сұхбат құру маңызды екенін былтыр аңғарған едім.

Үйі қала сыртында. Екі иті және әйелімен ғана күннің жарығы молынан түсетін кең жер үйде тұрады екен. Иттері туралы сабақта жиі айтатын. Аттарын да жаттап алдым. Джейк және Луси. Луси адамдармен тез тіл табыспайды. Ал Джейк ақкөңіл деп отырушы еді. Балалары туралы ешқашан тіс жарған емес. Балалары болмағанын үйіне барғанда білдім.

Ортадағы жігіт - Майклдың атасы. Жан-жағындағылары Майклдың әкесі мен шешесі

Ортадағы жігіт – Майклдың атасы. Жан-жағындағылары Майклдың әкесі мен шешесі

Үйі – мұражай. Әйелі ескі-құсқы заттарды жинайды. Қателеспесем, антиквариат дейді ғой деймін. Үйдің қай бұрышына көз салсаң да көне суреттерге көзің тіреледі. Басында Майклдың жас кезіндегі суретті деп ойладым. Сөйтсем атасы екен. Америкаға Жайық жағалауынан қоныстанған атасы екен. Қыршын кетіпті. Америкада жұмыс істеп жүргенде құрылыстағы бастығы өлімші етіп сабап, соңында демі үзіліпті. Майкл атасының әңгімешіл адам болғанын, журналистикаға деген қызығушылығының төркіні содан болуы мүмкін деп санайды. Өз әкесінің суретін көрдім. Ол туралы көп айтпады. Нағашы әжесі суретші болған екен. Қабырғадағы пейзаждың бірін сол кісі салыпты.Суреттер ескі. Ковбой стилінде киінгендер, битлз уақытындағы қоңырау етекті шалбарлар мен жалбыраған шаштар т.с.с.

Одан арғы бөлме Майклдікі. Бөлме тұтастай радиоларға арналған. Майклдың (ғылыми жетекшімді Майкл деп атаймын) ғылыми жұмысы радиожурналистика мен марсианиндерге арналған. Универдегі офисінде марсианиндердің түрлі бейнелері көп. Оны Америка басылымдары өткен ғасырдың ортасында марстықтардың бейнесін қалай сомдағанын, ол туралы пікірді қалай қалыптастырғаны қызықтырған екен. Қызығушылық радиолардың жасалу тарихынан басталған.

Бөлмедегі ең көне радио жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары жасалыпты. Қызық. Кола бутылкасы сияқты жасалған да радио бар. “Радионың басқа медиадан айырмашылығы – оның тұрақты формасы жоқ” дейді. Яғни, радио теледидар тәрізді бейне көрсетпейді. Сондықтан оны жасыруға болады дейді жетекшім.

Көп әңгіме айтты. Бұрыннан бері ашылып сөйлейтін адам ғой. Бірақ үйіндегі заттарының барлығын сондай ыждағаттылықпен, сүйіспеншілікпен айтқаны есімде ұзақ сақталатын шығар.

Кетерде ішімде бір өкініш кептеліп қалды. Жалғыздығына мойынсұнғаны өкіндірді ғой деймін. Әлде марқұм әке-шешем есіме түсіп кетті ме… Жас болған соң көп нәрсе түсінбеймін-ау…

One thought on “Ғылыми жетекшімнің үйі

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s