Иттеріңді түнде далаға жалғыз жібермеңдер


Кешқұрым мешітке кетіп бара жатқанбыз. Жолдың шетіндегі ағаштың арасынан құртақандай ит шығып, соңымыздан бұлтылдап ере жөнелді.

Розовый бантигіне қарап, “қыз” болар деп ойладым. Жоғалып кеткені сөзсіз. Себебі сыланып, сипанған, ұқыпты таранған иттер түн ішінде жалғыз жүрмейтіні сөзсіз. Итіміз де ашық жарқын екен. Кісі жатырқамайды.

Досымыз екеуміз бұл иттің иесін қайдан табамыз деп ойладық. Иттің мойнында “Мен жоғалдым. Мына адреске хабарласыңыз” деген көк ілмегі бар екен.

Сөйтесем, иттің чипі болғанымен, ID нөмірі жазылмапты. Енді қайттік деп тұрғанымда досым: “911”-ге хабарласайық дейді. Өмірімде хабарласып көрмеген. Содан соларға звондадым. Олар жоғалған иттермен айналыспаймыз деп жауап берді.

Арасынша Лиза деген танысыма хабарластым. Оның бойфренді animal shalter-да істейтін. Одан жауап болмаған соң екі иті бар профессорым бір ақыл қосар деп, оған sms жолдадым. Қазақпын ғой. Проблема болса, бірінші кезекте таныстарды ойша шолып шығамын 🙂

Мешітімізге де келіп қалдық. Ит әлі соңымызда бүлкілдеп жүр.

Содан мешіттің қасында тұратын достарыма барып, инеттен animal shalter (аңдарды ұстайтын мекеме) адамдарына шықтым. Түнде жұмыс істемейтін болып шықты. Содан жергілікті полиция бөліміне хабарластым. Олар болса “итті animal shalter-ге алып кел. Сол жерден полицейски күтіп алады” дейді. Машина тауып, түн ішінде әлгі бейбақты сол жерге апардым.

Полицейски келіп, әлгі ғимараттың есігін ашып, ішіне итті қалдырып кеттік.

Айналайындар, кешқұрым иттеріңді далаға жалғыз жібермеңдерші…

3 thoughts on “Иттеріңді түнде далаға жалғыз жібермеңдер

  1. Бұйырса, біздің елде де заңды сыйлайтын, бір-біріне түсіністікпен қарайтындар саны қазіргіден де көбейеді деп сенейік 🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s