Ескерту: Қоқыс жәшігінің үстіне шықпаңыз немесе ішіне отырмаңыз


Ескерту: Қоқыс жәщігінің үстіне шықпаңыз немесе ішіне отырмаңыз

Ескерту: Қоқыс жәщігінің үстіне шықпаңыз немесе ішіне отырмаңыз

Имад Ларамиде екі жылдай тұрып, Либиясына осы көктемде оралды. Кеше әңгіме арасында либиялық студенттер Имадтың Либиядағы өзгерістерді көріп таң қалып жатқанын айтты. Әңгімеміз “мәдни шок” тақырыбына ұласты. Себебі Либияда барлығы қатты өзгерген жоқ. Бар болғаны шетелге шығып келген соң адамның көзқарасында өзгерістер пайда болды.

Мәдени шок – өзге елге барғанда немесе өзге елде болып келгеннен кейін адамның бойында кездесетін таңырқау, оқшаулану процесі. Ғылыми түсіндірмесі дәл бұлай болмағанымен, жалпы мағынасы осыған саяды. Имадтың басынан кешіп жатқаны осы шок болса керек.

Шетелге жиі шығып, мәдени шоктың болатынын білсем да Қазақстанға оралған сайын бойымнан жаңа “мінез” тауып аламын. Мұндай жаңашылдық әдетте “Неге бұл олай? Ана елде бұл былай еді” деген сөйлеммен басталады. Уақыт өте келе таз қалпыңа түсіп, таң қалуды қоясың.

Мысалы, Алматыда кейбір адамдардың былш етіп көшеде жерге түкіре салуы; адамдардың күліп жүрмеуі; барлық есеп айырысулар үшін қолма-қол ақша төлеу; кафе-ресторанда, дүкендердегі қызмет көрсетушілердің дөрекілігі т.с.с.

Мәдени шокты білу шетелдіктерді түсінуге септеседі. Мысалы, біздің үйдің ханымын Америкаға келгенде “Америкалықтардың  құндылықтары” деген ғылыми мақаламен таныстырған едім. Мақала авторы Сан-Францисколық ғалым. Америкалықтар арасында зерттеу жүргізіп, әрбір америкалықтың бойынан табылатын құндылықтарды сипаттайды. Бұйыртса, алдағы жазбаларда сол құндылықтар туралы әңгімелекшімін.

Біздің үйдің ханымына аталған мақала америкалықтарды түсінуге, олардың оғаш деп тапқан қылықтарынан үрікпей оны да коммуникацияға айналдыруға көмектесті.

Күн ортақ, ай ортақ дегенімізбен дәстүр-салтымыз басқа. Иттеріміз қара қасқа. Сондықтан әртүрлілікті де біліп оны алшақтатушы емес, біріктіруші құрал деп танығанның пайдасы зор екен.

Жоғарыдағы суретті Ларамиде түсірдім. Қаладағы қоқыс контейнерлерінде осындай ескертпе жазу тұр. Бұндай жазудың не қажеті бар деп ойлайсыз?

One thought on “Ескерту: Қоқыс жәшігінің үстіне шықпаңыз немесе ішіне отырмаңыз

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s