Соқыр дүние


Control Keys

Әдеттегідей қарттар үйіне бардым. Есіктен кіре бере Памела тоқтатты. “Бүгін Лэнси келу керек. Үйіндегі компьютерінде бір ақаулар бар екен. Жүр, сені таныстырайын” деді.

Комп класыма келсек, 60-тан асқан, күлім көз апам күтіп отыр. Жымиып, қол беріп амандасты. Таныстықтан соң, тозы шыққан күртешесінің қалтасынан бүктелген ақ қағазын алып шықты. “Мына жерде маған керектілер жазылған” деп түсіндірді. Компьютермен теріп қойыпты. Бірді-екілі әріп қателері бар екен. CD қосу, Юта кітапханасынан кітап жүктеу, хат жазу т.с.с.

Сөз арасында көзі көрмейтінін айтты. Бірақ сөйлегенде кісіге үңіліп қарайды, әрі ешқандай көзілдірігі де жоқ. Линза сияқты көзге көрінбейтін бір құралы бар шығар дедім де қойдым. Америкалық қарттар өздеріне жалынышты, мүсәпір кейіп танытқанды ұнатпайтынын білемін. Әрі денсаулығына қатысты ақпараттар жеке құпия сақталады. Сондықтан тізіміне көзімді шолып шықтым да, түстен кейін үйіне бірге баратын болып келістік. Себебі комп кластағы компьютерде көрсткендерім оның үйіндегінен басқаша болып шығуы мүмкін.

Түстен кейін қарттар үйінің көлігіне алты кісі отырдық. Біреуі мүгедек. Екі ер кісі. Шопыр және Лэнси екеуміз. Мүгедек кісі жол бойы өзінің орнына басқа біреудің отырып қойғанын айтып, шағымданумен болды. Лэнси болса, оны жақтырмай сынаумен отырды. “Тықымыр кісі болды-ау!” деп қоямын ішімнен.

Лэнси үйіне де келдік. Екі қабатты еңселі үй. Гаражының есігі ашық тұр. Арсалаңдап алдымнан ит шығар деп ойладым. Себебі мындағы қарттардың дені не ит, не мысық асырайды. Үйінде өзінен басқа ешкім жоқ екен. Үйдің барлық едені жап-жасыл паласпен тысталған. Жап-жасыл болғанда көгалдағы шөп сияқты қанық жасыл. Үй іші не жиналып тұр, не шашылып жатыр деуге келмейді. Әдемі қорап бөлме ортасында тұрса, диванның жапқышының ұшы жерге салбырап тиіп тұр. Жинақылықты сүйетіні сөзсіз енді.

Компьютер бөлмесіне апарды. Клавитурасындағы түймелер үлкен әрі сары түспен боялған. “Арнайы соқырлар үшін жасалған” дейді. Білдіртпей клаваның үстін сипап көрдім. Әріптердің кертігі бар шығар дегенмін. Қызық қылғанда ешқандай кертік болмай шықты. Маған оның соқырлығы әлі де жұмбақ еді. Өйткені өзі тұрып, қалаған затын таба алады. Бірақ әріптерді оқи алмайды.

Мониторына магнитайзер қойыпты. Мониторды лупамен қараған сияқты боласың. Барлығы үйреншікті біртұтас күйінде емес, тінтуір апарған детальдар ірі-ірі болып шығады. Бір қызығы мәтінді жылдам тереді.

“Банкте бухгалтер болғанда мәтін теруден бірінші болатынмын” дейді. Қызық. Уорд файлды рабочий столына шығарып бердім. Дискіні салып, музыка қоюды үйреттім. Сосын Ctrl+P арқылы принтерден басып шығаруға болатынын айттым. Бірді-екі рет менің айтуыммен бәрін өзі  істеп көрді. Қуанып қалды. Қуанғаны мен үшін шынайы емес сияқты. Мені жұбату үшін, әлде көңілімді аулау үшін бала сияқты екі жұдырығын түйіп, тізесіне соғады да көзін сәл жұма “Yes!” дейді.

Кетерде “Су ішесің бе?” деді. Шөлдеп тұрсам да “Иә” дегім келмеді. Егер Лэнсидің көзі тұнық көретін болса, менің жүзімдегі аяушылықты бірден байқар еді. Себебі қанша тырыссам да менің ішкі сезімім көзімнен, түрімнен көрініп тұрады. Жасыруым қиын. Бәлкім дауысымнан да аңғарған шығар.

Үйінен шығарда жаңбыр жауып кетті. Лэнси кері шақырып қоймасын деп тез-тез жүрдім. Неден қашқанымды өзім де түсінбедім. Күллі өмірін жұмысқа арнады. Әдемі қартайды. Бірақ жалғыз. Әлемді бұлдыр күйінде ғана көреді. Бәлкім күтпеген жерден алдымнан шыққан қарттық шошытқан болар.

2 thoughts on “Соқыр дүние

  1. Сіздің жазбаларыңызды оқып Америка қарттарына жаным ашып кетті. Қазақтың немере-шөберелерінің ортасында отырған ата-әжелері қандай бақытты!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s