Интернетке қатысты өзімнің 9 ережем


Компьютерді қосып, бір мәтінді тезірек тере қояын деген ниетім, әлеуметтік желідегі жаңалықтарды оқып отырғанда ізім-ғайым жоғалып кетеді. Нәтижесінде ойға алған ісім де аяқталмай, уақытым да өтіп кететін. Осындай оқиғалар жиі қайталана берген соң өзім үшін “Интернет әдебін” қалыптастыруды жөн көрдім.

1. Компты ашпас бұрын, нақты не істегелі отырғанымды анықтап алу. Мысалы, поштаны тексеріп, бәленбай-түгенбайға былай деп хат жазу. Пошта тексеріп болған соң, RSS жаңалықтарды шолып шығу, сосын барып әлеуметтік желілерді тексеру т.с.с.

2. Қызықты видео немесе мәтіндерді белгілеп алып, ұзақтарына арнайы уақыт бөліп, асықпай қарау. Әрі өзім үшін пайдалы деп тапқандарымен бөлісу.

3. Инеттегі басы артық дискуссияға араласпау. Егер ол пікірталастың нәтижесінде өзім іздеген сұраққа жауап табатын болсам ғана пікірімді айту. Себебі бір пікір қалдырсаң, артынша ол пікірге қандай жауап жазылғанын білгім келіп, ойым бөлініп отырады. Әсіресе, өзіме ұнамайтын агрессивті, тұрпайы пікіралмасулардан аулақ жүруге тырысамын.

4. Инеттегі “достарды” тазалап отыру. Кейде Фейсбук немесе Туиттерге танымайтын, қыңыр пікір айтатын, бар болғаны салғыласып отырғанды жақсы көретіндер қосылып кетеді. Айына бір рет солардан тазарып отыру.

5. Кем дегенде жарты жылда бір рет парольдарымды өзгерту. Негізі үш айда бір рет өзгертіп отырған абзал.

6. Жеке басқа қатысты мәліметтерді бөліскенде аса сақ болу, әрі эмоцианалды кезде (қуанып отырғанда немесе қайғырып отырғанда) ешқандай пікір қалдырмау. Себебі инеттен білім алғым келеді. Әрі сол үшін оны құрал ретінде пайдаланамын. Кейбір адамдар керісінше үнемі эмоциясымен бөліседі. Белгілі бір деңгейде бұл да дұрыс деп білемін. Бірақ әр нәрсенің шегін ажыратып отырған дұрыс.

7. Интернетте тек өзіме керекті сайттарға тіркелу. Әлеуметтік желілердегі аккаунттар көп болған сайын оларды тексеру үшін де көп уақыт кетеді.

8. Инетке отырғанда іштей күлімсіреп отыруға тырысу. Ішкі позитив инеттегі негативтің алдын алуға септеседі деп санаймын. Кей кезде ойламаған жерден қорқынышты бір ақпараттар кезігіп қалғанда, абдырап отырмай, оның астарына үңілу, өзге ақпарат көздерімен салыстырып көру.

9. Виртуалды әлемді көмекші құрал деп түсіну. Себебі реалды әлемдегі адами қарым-қатынастар виртуалдан жоғары болуы тиіс. Аптасына бір күнді қалтафонсыз, интернетсіз өткізіп көруге тырысу.

Егер сенде де осыған ұқсас ережелерің болса, бөлісуіңді өтінемін🙂

3 thoughts on “Интернетке қатысты өзімнің 9 ережем

  1. Email жазған кезде ойынды 3 сөйлемде жеткізуді тәжірибелеп жүрмін, сосын хаттың тақырыбында амандасу хал жағдай жазудың қажеті жоқ дейді

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s