Компьютерлік қарым-қатынас


CMC stands for computer mediated communication. Хммм. Коммуникация дегенді аудармай сол күйінде қалдырғаным дұрыс. Себебі байланыс деген баламасы бұл ғылыми ұғымның мәнін толық ашпайды. Компьютерді онсыз да, компьютер деп жүрміз. Mediated деген аралық немесе делдал дегенге саяды.

Шындығында бәрін күрделендіріп отырған сияқтымын. Әңгіме компьютер тәрізді құрылғылардың көмегімен қарым-қатынас жасау туралы. Бұған тек қана қалтафон ғана емес, сонымен қатар m-agent, facebook т.с.с. компьютерленген программалар да кіреді. Сабағымыздан осы туралы ғылыми мақалаларды оқуға берген. Біреуі интернет арқылы десаулыққа байланысты ақпараттарға деген сенімділік қалай қалыптасатыны туралы, екіншісі өзіне интернет арқылы жұп іздегендердің жеке басына қатысты мәліметтерді таратуы туралы. Қалған екеуін әлі қараған жоқпын.

Апта сайын төрт ғылыми мақала оқып, соған қатысты өзіміздің ойымызбен бөлісуіміз керек. Бұл жолы Reaction Paper-ні ағылшынша жазбас бұрын, қазақша жазып көрсем деп отырмын. Себеб түптеп келгенде менің білімім, өзімнің ортама пайдасын тигізуі керек.

CMC қарым-қатынастың жаңа формасы. Интернетте адамдар, әсіресе қазақтар өте қатты ашылып сөйлеседі. Себебі монитордың ар жағында сенің кім екеніңді сұхбаттасушы білмейді. Әрі өзіңнің арманыңдағы образыңды сомдай аласың. Бірақ виртуалдан реалға көшкенде қолданушылар үндемейді. Көшеде құлағына наушник қыстырған талай жастарды көрген шығарсың. Сырттай қарасаң – үндеместер. Ал агенттегі жазғандарың көрсең, әлгі адамыңды танымай қаласың. Тіпті үйдегі 7-сыныпта оқитын қарындасыңның да “Привет! Как дела?” дегенін көріп шошисың. Немесе таңертең Алматы автобусында қыстырылып, сығылысып тұрғанда өзара тіл қатыспайды. Тіпті бір подъездегі көршілер де амандаспайды. Бұдан үркіп, қорқуымыз керек пе? Бұл өз алдына бөлек тақырып тәрізді. Мәселе, компьютер тәрізді құрылғылар адамдарға жаңаша қарым-қатынас түзуге жол ашты. Алайда бұл қарым-қатынастың тұрпайы формаға көшуі – интернет сауастыздыққа байланысты.

Livingstone (2008, p. 110) деген шетелдік ғалым Интернет сауаттылық дегенді былай тұжырымдайды: “онлайндағы қарым-қатынас және ақпараттық мазмұндағы контентті жасау, сынау, түсіну және оған қол жеткізу мүмкіндігі”. Аудармам түсініксіз болып қалдыр ғой деймін. Ағылшыншасы былай: “ability to access, understand, critique, and create information and communication content online”.

 

Сонымен интернет сауаттылыққа көңіл бөлетін уақыт жетті. Әйтпесе, сауатсыз қарым-қатынас түбі мәдени деградацияға ұрындырады. Жалпы, надандық деген жақсы емес қой.

4 thoughts on “Компьютерлік қарым-қатынас

    • Сыни ойлау дағдысын қалыптастыру керек. Сыни ойлау дегенде сынап-мінеу емес, әр істің байбын аңғаратындай талдап ойлану екенін меңзеп тұрғанымды жақсы түсініп отырған боларсыз деп үміттенемін.

      Мәселен, бір сайттан мәлімет көре қалсаңыз оның не үшін ол сайтта жарияланғанын, сайттың артында кімдер тұр, сондай хабар арқылы қандай ойға жетелеп тұр т.с.с. ақпараттарды сараптау. Әрі сол ақпаратқа қарсы өз пікіріңді көрсету үшін сол тәрізді ақпаратты өзің де жасап, оны көпшілікке жеткізе білу дағдыларын интернет сауаттылыққа жатқызып жатыр.

  1. Қызық пікір екен. Шыныменде менің өзім кейде бұрын сөйлеспеген танысымды ғаламторда жолықтыра қалсам ойымдағыны еркін жеткізетіндігімді байқадым.

    • Сіз жалғыз емессіз🙂 Негізі интернетте көп уақытын өткізетіндердің денінде жалғызсырау, іштей жабығу, ойға берілу көп болады. Бұл бір жағынан жақсы. Себебі жалғыз отырғанда көп нәрсені саралай аласың. Әйткенмен тірі адамдармен қарым-қатынас түзіп, олармен ашылып сөйлесуде қиындықтар пайда бола бастауы мүмкін. Интернет қолданғанда да өзіңе бір іштей ережелер жасап алған пайдалы.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s