Әлеуметтік медианың 5 ұстанымы


IMG_8170_1_2.jpg
Image by rwoan via Flickr

Әлеуметтік медианың бір ұстанымы бар – өзгелерге пайдалы болу. Маған осы қағида ұнайды. Әлеуметтік медиа дегенім интернеттегі контент таратуға мүмкіндік беретін платформалар. Ол блогтұғырнамалар (kk.wordpress.com, on.kz, yvision.kz, kerekinfo.kz, kazjur.kz, qb.com т.с.с.), әлеуметтік желілер (Мой мир, Вконтакте, Facebook, twitter) немесе видео (youtube, kiwi.kz, vimeo.com) суреттерді  таратуға арналған (flickr.com etc) желілер.

Интернетте қазір ақпарат өте көп. Алайда соны кәсіби тұрғыдан сараптап, өзгелерге пайдалы болатын мәліметтермен бөлісетін адамның аккаунты – құнды. Себебі өзгенің уақытын үнемдейді, өзгемен өзінің білгенімен бөліседі, сол арқылы өзінің білікітілігін арттырады.

Әлеуметтік медиаға келдің екен,флуд жасап, өзгенің мазасын алғанша өзгеге пайдалы болу жағын ойлаған жақсы. Бұл дегенім үнемі біреудің қамын ойлау деген сөз емес. Бастысы әлеуметтік медианы өзіңді дамыту үшін жұмсасаң, білгендеріңмен бөлісіп отырсаң, оқырманың, досың сені өзі іздеп табады. Кейде жұмыстың да өзі іздеп табатын кездері бар.

Сонымен әлеуметтік медианың мен өзім үшін таңдап алған 5 ұстанымым бар:

1. Өзгеге пайдалы болу

2. Өзгеге кесірімді тигізбеу

3. Білімімді дамыту үшін жұмсау

4. Оның жетегінде кетпей, жетегіме алу

5. Шындықты айту

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s