Имансыз қызды да, ұлды да шетелге жіберу – өртке лақтырумен бірдей ме деп қалдым…


Бір жаман әдетім бар. Менің дүниетанымыма үйлеспейтін бір көрініс көрсем, жасыра алмаймын. “Мынау не сұмдық?!” деген эмоция жүзімде айғайлап тұрады. Әртүрлі мәдениеттің, ділдің, діннің адамдарымен араласатын болған соң, қанша жерден жасыруға тырысып, ешкімді де аламайын десем де, қазақтардың ортасында жүргенде амалым құриды.

Өзі кампуста үркердей ғана төрт-бес қазақ студент бармыз. Менен басқасының барлығы бір-бір үйдің “қызғалдағы”. Қаншалықты еркелетіп өсіргендерін білмедім, бірақ дені қазақи танымнан алыс (менің түсінігімдегі қазақи таным дегенім, ұлттық ұстанымда ешқашан принициптен ауытқымау). Құдайым-ау, ғайбат айтқыза көрме!

Бір есептен ешкімді сөккім де келмейді. Шетелде жүрген соң, өзге біреудің мәпелеп өсірген баласына ақыл да айтып жарытпайсың. Әйтеуір есендесіп жүргеніне шүкір дейсің. Бірақ олардың махаббаттарын ашық насихат қылып жүргенін көргенде бет қызармақ түгіл, жарылып кете жаздаймын.

“Жас қой. Көрсем де, естісем де білмеген, көрмеген болайын” деймін. Болар емес. Кінә артайын десем, сонда оларды сезімнен тежесем, кім болғаным? Қайткен күнде де адам болған соң сезімге берілмей тұра алмайды. Әйтеуір имандары мықты болса екен деймін.

Имансыз, намыссыз қызды да, ұлды да шетелге жіберу оларды жанып жатқан өртке лақтырумен бірдей ме деп қалдым…

3 thoughts on “Имансыз қызды да, ұлды да шетелге жіберу – өртке лақтырумен бірдей ме деп қалдым…

  1. Мен Чехияның Брно қаласында оқып жатырмын. Мұнда да қазақ атаулылары өте аз, біріқ менің ойымша осы қалаға имансыз былай тұрсын рухсыз жастар жиналған сияқты. Олар Чехтің елінде жүріп менімен қазақша сөйлеуге ұялады. Және өз елі туралы екі ауыз жақсы сөз айта алмайды… Бұны қалай жасырайын))

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s