Шетелдік студенттерге тақиям жетпей қалды


Универде сәрсенбі күні студенттер өз елдерін таныстырды. Біздің универде Қазақстаннан 4 студент бармыз. Қызылорданың пысық Жаннасы көрме үшін арнайы үстелге тапсырыс берген екен. Универде CASA (Central Asian Students Assosiation) деген ұйым құрғанбыз. Содан таңертең ту, тақия тағы басқа шағын заттарымды алып барсам, Жанна қамажай көйлегін киіп алып, күллі көрмені аузына қаратып жүр🙂 Өзбекстандық Ахат пен Рақымжан қыз баланың шағын көйлегін алып келіпті. Сосын универде жүрген бір мұғалім тәжікстанның суреттерін әкеп берді. Ал Жанна болса, анасы беріп жіберген пряник пен “коровка” деген кәмпиттерді үстелге қойып қойыпты. Содан не керек бәрін бір-бірімен байланыстырып, көрмемімізді өткіздік.

Менің бұрынғы көршім Абдолла "Қазақстан туралы бұрын білмейтінмін. Енді білемін" деп жатыр

Менің бұрынғы көршім Абдолла "Қазақстан туралы бұрын білмейтінмін. Енді білемін" деп жатыр. Аузына кәмпит!



Жаннаның анасы беріп жіберген пряниктің де не екенін түсіндіруге тура келді

Жаннаның анасы беріп жіберген пряниктің де не екенін түсіндіруге тура келді

Оюы нашар деп менсінбей жүрген тақиям жақсы экспонат болды. Келгендер киіп көріп, суретке түсіп мәз болғанын көрсең...

Оюы нашар деп менсінбей жүрген тақиям жақсы экспонат болды. Келгендер киіп көріп, суретке түсіп мәз болғанын көрсең...

Вьетнамдық көршімізге бұл ұлдардікі десем де болмай киіп алғанын қарасайшы

Вьетнамдық көршімізге бұл ұлдардікі десем де болмай киіп алғанын қарасайшы

Непалдық мына жігіт тіпті, тақиямды киіп алып, бір круг жасап келді

Непалдық мына жігіт тіпті, тақиямды киіп алып, бір круг жасап келді

Шетелде оқитын барлық студенттерде осындай көрмелер ұйымдастырылатын болар. Бізде жылына бір рет өтеді екен. Біздің универдің тарихында Қазақстан алғаш рет өзін таныстырды. Ұйымдастырушыларға жағым талмай, әр оюдың тарихын түсіндіргенім ұнаса керек, жұма күні тағы да көрсетесіңдер деп жатыр. Жанна болса, “пряник пен кәмпиттеріміз бітіп қалды. Енді не істейміз” деп азар да безер болып жүр.

11 thoughts on “Шетелдік студенттерге тақиям жетпей қалды

  1. Керемет. Мында, Қазақстанда отырып қатты қуанып отырмын. Елден екі елі аттап шықпаған соң, шетел туралы білетініміз шамалы ғой.))))))))) Ақпарат көп, интернет бар десең де, осындай көрменің арқасында көп нәрсе біліп қалатының рас.
    Айтқандай, Жаннаның бауырсақ пісіріп апаруына болады ғой. Егер ондай мүмкіндік болса.

    • Бүгін Жанна бауырсақ пісірмесе де сары майдай сақтап жүрген Рахат шиколадтарын алып келді. Өзі ауыз тиіп те үлгермеді. Келгендер бір-бірден ауыз тиіп жүргенде бітіп қалды🙂

  2. Пысық жанна унады маған!
    керемет! Енді қысылтын ештеңе жоқ бауырсақ пысырып жіберіңдер сосын қатырасыңдар.)))

  3. Қызылордалықтар пысық қо, тіл-көзім тасқа🙂

    Мен де қазақша көйлек алып келген едім, әлі сәті түспеді киюге, келер айда бір жоспар болып тұр, сонда кием ғо дим :))

  4. Ой, күшті, ағай! Алдағы күндерде шет мемлекетте оқи қалсам анау Жанна құсап жүретінімді елестетемін. (анонимейзермен кіріп отырмын)

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s