Суық күнгі ойлар…


Қара суық. Жел гулеп тұр біздің ауылда. Нені ойласам да, шеті Тараздағы лаңкестікке барып тіреледі. Бүліктің есігімізден сығалап тұрғаны жаман.

Бұл бір сынақ болды. Бір саясаткердің тәуелсіздіктің 20 жылынан кейінгі 10 жылдың өз салмағы болады дегені еске түседі. Ойлап отырсам, менің қатарымдағылар осы 10 жылдықтың ішінде екенбіз.

Шетелде жүріп, ел ішіндегілерге сырттай қарағаннан болар, әлде Әлжазираның халықаралық жаңалықтарын жиі қарайтындықтан ба немесе өзге елдің жастарымен араласып жүргендіктен бе… әйтеуір Қазақстанның шынымен де мақтанатын жөні бар, бірақ сол берекенің қадірін түсіне алмай жүргендерге таңым бар. “Бірлік түбі – тірлік” деген мәтелге бір ауық ойланып көрсекші…

Сөзсіз әлемдегі өзгерістер (саяси, экономикалық) бізге де әсерін тигізбек. Бірақ қысылтаяң шақта әрқайсымыз жан-жаққа бұра тартпай, ортақ іске келгенде біріге білгеніміз жөн.

“Economist” тілшісінің тренингіне қатысқанымда: “Рас, журналистер ойбайшыл болуы керек. Биліктің ісін қадағалап, сынауы керек. Бірақ күллі елге қауіп төнетіндей жағдай болса, билікті сынап, елді одан сайын дүрліктіру – ақымақтық” дегені бар.

Мына суық та басылар. Біздің ауылдағыны айтамын. Өмір тоқтамайды ғой… Өзінің денесімен бүлікті жаппақ болған жігіттің жаназасы ертең оқылатын шығар… Иманды болсын!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s