77 оқырманым, мен сені танымаймын! Бірақ мені жақсы танып алған боларсың…


Көптен жазбай кеттім. Басында Қазақстанда ашылмаса, адамдар оқымайды ғой деген пендеуи ой болған. Бірақ блогымдағы жазбаларға поштасы арқылы жазылған 77 оқырманым есіме түсіп, ұяламын. Кешірім сұрағым келеді!

Жазбаларымды үнемі оқып отыратын, 77 оқырманым! Осы жазбаны өзіңе арнағым келеді!

Мен сені танымаймын. Бірақ блогымды оқу арқылы мені жақсы танып алған боларсың. Мерекемен құттықтап қояын! Құрбан айтың құтты болсын! Құрбандық шалып, сауапқа кенелмек ойы болса, ниетің қабыл болғай! Айт күні мешітке барып, бауырларымызбен намаз оқитын болсаң, өзіңе қызығып отырмын. Ларамиде ондай үлкен жамағат жоқ. Бірақ біз де Құрбан айтқа орай дастархан жаймақпыз. Әдеттегідей халықаралық дастархан болатын шығар. Либиялықтар капсасын, непалдықтар момосын, саудиялықтар күріш пен тауығын әкелетін болар. Шүкір!

Көп адам: “Блогты не үшін жүргізу керек?” деп сұрайды. Мен сөйлесу үшін. Дұрысы коммуникация үшін дер едім. Себебі бүгінгі қазақтар бір-бірімізбен сөйлеспейміз. Ұлттық мәселеде ұрандап кетеміз, экономикада зар илейміз. Қала қазақтары бір-біріне сенбейді. 20 жылдың ішінде біз “қазақ деген кім?” деген сауалға жауап таппай әртүрлі болып кеттік. Сонда да сөйлеспейміз. Автобуста, көшеде, есік алдында, бір ғимаратта, бір лифтіде кездесіп қалсақ та амандаспаймыз….

Блог немесе интернеттегі блог тәрізді құралдар ойыңды жарыққа шығаруға, осы олқылықтың орнын толтыруға көмектеседі. Мысалы, мен сізді танымаймын. Өзімнің ойымды білдіру үшін, ақпаратпен бөлісу үшін маған сізді тану шарт емес. Ал шынайы өмірде болса, біз бұл ақпаратпен тек танитын адаммен ғана бөлісеміз.

Осымен әзірге аяқтайын! Көптен хабарсыз кеткен соң, әрі Құрбан айт қарсаңында біреу-міреу, ренжігендей болса, кешірім сұрайын деп жазып жатқаным ғой.

P.S. блогымдағы бір жазбаға өзге бір блогшының атын малданып, біреу бейәдеп мазмұнда пікір қалдырып кетіпті. IP адресінен қай жақтан жазғанын біліп отырмын. Қалжыңы болар деп ойладым да қойдым. Пікірін жарияламадым. Бұл оқиға Құрбан айт қарсаңында мені кешірімді болуға үйретіп жатқан шығар :)

6 thoughts on “77 оқырманым, мен сені танымаймын! Бірақ мені жақсы танып алған боларсың…

  1. Елде тағы да вордпресс жабылып қалған соң да жазармандардың саны кеміп кеткен сияқты. Анонимайзермен кіріп, оқимыз. Басқа амал жоқ.

  2. долгое время думал, что блог – это выход для пара людей, которые недовольны чем-то, это инструмент для различных действий. Сейчас же, думаю, что блог больше – это источник знаний для того, чтобы изменить мир, неважно в какую сторону. Изменить, чтобы на смену одному пришло другое.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s