Вашингтон конференциясы жүрегімді жаралады


Вашингтондамын. Көптен күткен конференцияма қатысып отырмын. Interactive Journalism деп аталатын Мультимедиа оқытушыларына арналған конференцияға студенттер қатыстырылмайды. Екі студентке қана шәкіртақы ұсынып, рұқсат берді. Соның бірі атандым. Себебі Қазақстанда медиа тренер болдым, универде мультимедиа оқыттым, әрі ЮНЕСКО-ның журналистиканы оқытуға қатысты силлабусын қазақшаға бейімдеуге ат салысып жатырмын дедім. Өзге шетелдік профессорлардың да ұсыныс хаттары септігін тигізді. 

Келдім. Өте ұнап отыр. Батыс әлемінде қоғамның қозғаушы күші ақша болғандықтан, технология қоғамға дендеп енген. Уайоминге көбіне коммуникацияны оқып жатқандықтан, ал жаңа медиа өзімнің қызығушылығым болғандықтан конференциядағы күллі ойлар жаңа идеяларға арқау болып жатыр. Америкада ақпаратты тұтыну жылдам. Ақпаратпен қамтамасыз ететін журналистер де өнімді әдемі әзірлейді.

Бірақ… келгеніме кішкене өкініп те қалдым. Себебі мында айтылғандарды мен Қазақстанда жүзеге асыра алмаймын. Біздің қоғамға бұл технологиялық өзгерістер әлі жеткен жоқ. Apple немесе Андроид негізіндегі диджитал құрылғыны ұстайтын қазақтар аз. Ал өзінің қымбатқа сатып алған телефонынан қазақша ақпарат іздейтіндер одан да аз болар. Сонымен қатар

Қазақстанға келіп бұны оқытамын дегенше жаңа технология дамып, бұл айтылғандар өзгеріп кетпек. Оқытуға мүмкіндік беретін универлердің де Жаңа медианы оқыту үшін тиімді жағдай (студенттердің қолына бір бір андроиды немесе аплдың телефоны, интернетке жалғанған компьютерлі лаборатория т.с.с.) жасайды дегеніне де күмәнім бар.

Жаңа Amy Webb презентацияларды апта сайын жаңартып отырамын дейді. Оқытушыларға да ай сайын силлабустарын өзгертуге кеңес беріп жатыр.

Универде сабақ бергенде Колумбия Университетінің (Нью Йорк) силлабусын өзімізге бейімдеп едім. Бірақ студенттер де, журналистика факультеті де бұл силлабустарыма сай болмай шықты. Қазақ қоғамы ғылым, білімде батыстан артта қалып отырмыз. Тіпті оны игеруде шынайылықтан гөрі жасандылық басым. Мұғалімнің айлықтары шайлықтарына жетпеген қоғамда ғылымы алға озған ұрпақ өсіп шықпасы аян.

Мұғалімі екі-үш жерде жұмыс істеуге мәжбүр болған қоғамда білімнің қадірі төмендері сөзсіз. Қазір Қазақстанда сондай қоғамда өмір сүріп отырмыз.

Жаңа медиадағы әдептілік тақырыбын сөз етіп жатыр. Батыс оқу орындарының маңдай алды профессоры сөйлеп жатыр. Бұл қазаққа қай жағынан пайдалы болар екен деп ойлап отырмын. Бірақ блогтар жабылып, журналистердің кәсібіне қауіп төніп жатқанда мұндай ғылымды қоғамға әкелсем, жау атанатын шығармын деп ойлап отырмын…

5 thoughts on “Вашингтон конференциясы жүрегімді жаралады

  1. Өте өкінішті! Бізде талантты, жаңа да салаутты өмірді қалыптастырғылары келетін жастар бар, бірақ оларға қолдау жоқ. Ойыңыздың бәрімен келісемін. Енді біліміңізді біздің менталитетке бейімдеп, ендіруге тырысып көріңіз Сапалы ақпаратты, сапалы өнімді тұтынушы табылады деп сенемін.

  2. Біз расында ғылым, білім, әсіресе жаңа медиа мен технология саласында көп артта қалғанбыз, жүз пайыз келісемін!

  3. Айтқандарыңызға қосыламын. Барлық мүмкіндіктер болса да қоғамымыздың артта қалғанына бәріміз өкінеміз. Сіз озық ойлы азаматсыз ғой, үйренген біліміңізді қолданатын алаң таппай қиналуыңызды шынымен түсінемін.

    • өзің тәрізді сенім білдіретін, ниеттестік танытатын жандардың барын білгенде шынымен қуанамын! Рахмет, Нұржан!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s