Блогстан қазақ тіліне қалай әсер етті?


2007 жылдан бері wordpress.com қазақшаға аударылып келе жатыр. Бұл көптеген интернет қолданушыларға өз ой-пікірін ақтаратын, мұңдасатын виртуалды алаңмен қауышуға мүмкіндік тудырды. Сонымен қатар аударылған жаңа сөздердің қолданысқа түсіп, сөздік қорымыздың толысуына септігін тигізді.

Бастапқыда уордпресс, блогтар, әлеуметтік желі, блогшы т.с.с сөздер көпшілікке таныс емес еді. Қыркүйектің ортасында (16.09.2011) сондай бірнеше сөздерге Google мен Yandex іздеу тораптарында сұрау салып едім. Нәтижесіне қарап бұл сөздер бүгінде қолданысқа еніп үлгерді деген қорытындыға келдім.

Төменде google мен yandex бойынша сұрау салынған жаңа сөздердің тізімін көрсетіп отырмын. Менің ойымша бұл мысалдар қазақ тілінің дамуына қарапайым интернет қолданушылардың үлкен үлес қосып отырғанының бір көрінісі бола алады.

Қазақша терминдер

Google

Yandex

блогтар

1 750 000 results (0,26 seconds)

93 тыс. ответов

қазақша блог

882 000 results (0,25 seconds)

1 млн ответов

әлеуметтік желі

399 000 results (0,36 seconds)

49 тыс. ответов

уордпресс

383 000 results (0,52 seconds)

1202 ответа

блогтұғырнама/блогтұғырнама

275 000 results (0,40 seconds)

6383 ответа

жаңа медиа

182 000 results (0,28 seconds)

131 тыс. ответов

тиуттер

181 000 results (0,45 seconds)

1027 ответов

блогстан

99 100 results (0,21 seconds)

8375 ответов

дәстүрлі медиа

23 800 results (0,33 seconds)

22 тыс. ответов

блогшы

15 100 results (0,25 seconds)

25 тыс. ответов

блогтұғыр

3 360 results (0,38 seconds)

418 ответов

блогкер

430 results (0,47 seconds)

677 ответов

Күн санап блогтұғырда қазақша блог тіркейтіндер саны өскенімен, wordpress.com-да бұрынғыдай қарқын сезілмейді. Үкіметтің блогтарды құрсаулауы әрі кейін оны қайтадан ашуы бұған салқынын тигізді. Себебі кейбір компаниялар әлі күнге дейін құрсауды алып тастамады. Билік қазақша блогтарды жабу арқылы енді ғана бүршік жарып келе жатқан қазақ тіліндегі жаңа медиа саласына кесірін тигізгені қынжылтады.

Қоғамда қазақ тілі технология тілі емес деген сыңаржақ пікірлер белең алып тұрғаны аян. Ерікті жастардың өз еркімен технологияның тілін қазақшалап қоймай, оның қолданысқа енуіне күш салып жатқанда үкіметтің ақтан шалуы ызаңды тудырады.

www.neweurasia.net/kazakhstan сайтындағы жазбамды көшіріп жариялап отырмын.

4 thoughts on “Блогстан қазақ тіліне қалай әсер етті?

  1. Қызықты жазба екен. Қарапайым, бірақ нақты статистика. Асеке сіздің биліктің ғаламторға қатысты көзқарасыңызбен келісемін. Бір блогты жабамыз деп, тұтас платформаны жабады. Сонда, бекерде технологияны жақсы меңгергендерін айтып, кеуде соғатын біздің шенеуніктер бұл мәселені түсінбей ме деп таң қаламын. Өз басым тіпті мұны қазақ тілді интернетке жасалған, тіпті қазақ тіліне жасалған қысым деп ұғам Әйтпесе russianskz.info сайтын жабар еді ғой.

  2. Өрімталдың блогын аяқ -астынан тауып алғаныма сондай қуаныштымын. Осындағы басқа да қазақтардың жазғанын оқып дем алам. Бір-бірімен ұрсыса кетпейтін, мәдениетті, сыпайы, сөздері найзағайдай жап-жас, әп-әдемі қыздар мен жігіттерді көріп көңіліме үміт ұялайды. Қазақ тілін көтеру үшін, өз арамызда бір-бірімізге сыйластық қалыптастыру үшін, жазайық, айтайық, қолымыздан келгенін істейік. Осының өзі тәрбие түсінген адамға.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s