Мұсылман Анканың үйіндегі непалдық манты


Мынау непалдық - момо

Мынау непалдық - момо

Жексенбіде ислам дінін қабылдаған неміс қызы Анка қонаққа шақырған. Қашқарлық Тұрсын, америкалық Пол, непалдық Америто бәріміз жиналып қалдық. Тұрсын қамырды алдын ала дайындап келген екен. Бірінші Маш көже жасадық. Америто Момо жасаймын деген екен. Бірақ оның жасайтын тамағы мантығы ұқсас болған соң “манты” жасадық. Бірақ непалдықтар тура осы тамақты момо дейді екен. Непал туралы көп білмейтін болып шықтым. Ол да Қазақстан туралы білмейді екен. Содан лаптопын алып гуглдатып жіберді де, “Қызық-қызық ғимараттарың бар екен” деп қояды. “Хан Шатырдың” ішінде жағажай бар екеніне сендіру үшін ютюбтан видео ақтаруға тура келді.  Бұл уақытта Анка мен Тұрсын маш көже жасап жатқан.

Жұрт тамақ пісіріп жатқанда Полға шашки, бұрыш сосын атыспақты үйреттім. Үшеуінде де жеңіліп қалған соң, ұят болмасын деп ойынды доғара қойдық. А, Анка туралы айтпаппын ғой.

Тұрсынның мантысы осындай болды

Тұрсынның мантысы осындай болды

Анка мұсылмандықты Америкада қабылдаған. Нәби есімді сүйіктісі себеп болған.  Екеуі мастерде оқып жүргенде танысыпты. Содан бері мұсылман. Басында бандамка. Бүгін кампуста әзер таныдым. Басында – бандамка. Сосын мойнын әдемі етіп, еуропаша шалғымен орап алған. Розовый очкиі бар. Либиялық бойдақ достарым: “Жігіті барын қарашы” деп тамсанып жүр…

Ендігі кезекте Саударабиялық Машһур қонақ қыламын деген. Тағамының аты қалай еді? Хммм, кускуси емес, ләмб бериани емес, тажин емес, Құдай-ау, ұмытып тұрғаным. Барған соң көрерміз, инш!

Мынау мантыны түйюдің мен көрсеткен тәсілі

Мынау мантыны түйюдің мен көрсеткен тәсілі

пысы. Манты/Момо дәмді болып пісті. Сөйтсем, Тұрсындарда мантыны вареники сияқты орайды екен, ал Амриталар момоны хинкаль сияқты түйеді. Содан: “Біздің үйде мантыны былай түйетін” деп өз тәсілімді көрсеттім. Бәріне ұнап қалды. Өйкені менің тәсілім бойынша ораған мантының чопстикқа (қасықтың орнына қолданатын екі таяқша)  орны бар (суреттегі сәл басқшалау екен), ал непалдық қыз болса, ол жерге өзінің соуысын құйып қойды. Бір бастан бес бас жақсы деген осы🙂

Суреттер bing.com іздеу торабынан алынды

10 thoughts on “Мұсылман Анканың үйіндегі непалдық манты

  1. Халықаралық студенттер осылай бас қосып, бір-бірін қонаққа шақырысып, мәре-сәре шұрқырасып, әркім өз елінің салт-жоралғысын айтысып, танысып-біліскен қандай керемет! “Манты” жарысында Қазақстанды жерге қаратпағаның көрініп тұр, жарайсың! Жалпы манты тағамы көп елдерде бар екен, тек атаулары әртүрлі. Мен де жақында қытай мантысын жеп көргем. Бәрібір біздің мантыға жетпейді екен.)))

  2. суреттер қандай күшті шыққан деп жазуға дайындалып отыр едім, соңғы сілтемені оқып қалдым. Неге өз туындыларыңды түсірмедің?

    Қашқарлық Тұрсын молодец екен. Өткенде дапанджи пісіріп, осы жолы қамыр жайып… маш.!

  3. мен корейский мантыны жеп көрген едім, олар мантыны қуырып пісіреді екен әрі формасы да шап-шағын.
    Вареники сияқты қылып түюі біртүрлі қызық көрінді

  4. Tamasha. Orimtalding zhasu stili magan ote unaidi. Bugin ayak astinan taup aldim mina saitti. Endi turakti okirman bolarim sozsiz! Rahmet. Alid de kizik angimeler, oilar kutemiz!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s