Супер Марио, Стратегия ойнау қауіпті деп кім айтты?


Super Mario 64 DS
Image via Wikipedia

Інім компьютер ойындарын сағаттап ойнайды. Көк шөптің арасын тінтіп жүріп бір сақиналарын санайтын ойыны бар, сосын көлікке мініп алып, қала ішінде жол бойындағы жазықсыз жүргіншілерді аяусыз қағып кететін ойын бар. Сосын әлгі бір бұзылған үйдің бөлмелерін аралап, атысатын тағы бір ойыны бар еді. Менің есіме түсіп отырғандары осылар….

Өзім кезінде Супер Марионы жақсы ойнайтынмын. Бірақ ол ойынның мақсаты ханшайымды аждаһадан құтқару болғандықтан, өзімді ақтауға тырысатынмын. Қысқасы, інімнің ойындарында кісі өлтіру, алдау, тартып алу тәрізді элементтер болғандықтан іштей қарсы болсам да оған қой деп айта алмайтынымды білемін. Тіпті, оны түсінбек үшін сол ойынды ойнап көруге тырысқанмын. Бірақ менде ондай құлшыныс болмайтын. Керісінше, пасианс, паупау дегендер көңіліме жақын.

John C. Beck "The Kids Are Alright" кітабының авторы

John C. Beck "The Kids Are Alright" кітабының авторы

Қысқасы, бүгін универімізде e-volution деген конференцияға қатыстым. Кешке Kids are alright деген кітаптың авторының лекциясы болды. Негізгі зерттеуі – компьютер ойындарын ойнап өскен ұрпақтың бизнес әлеміндегі құлқы.

2000 адамның арасында жүргізілген зерттеу видеойындарды ойнайтындардың бойынан төмендегідей мінездерді байқаған:

  1. Барлық мақсатқа қол жеткізуге болады деген түсінік қалыптасады. Видеойынды ойнаған адам әрқашан түбі жеңемін. Жеңілсем де жеңемін. Себебі бұл ойынды жеңуге болады деген оймен ойнайды
  2. Сәттілікке сенеді. Әрбір видеойын белгілі бір алгоритмге құрылатыны сөзсіз. Сөйте тұра, ойынқұмарлар сәттілік соның жағында болып жеңіп шыққанына көп сенеді.
  3. Ұстазға емес, көпшілікке қарап үйренеді. Бірақ жетелеп отыру маңызды. Олар жеке емес, бірігіп ойнағанды ұнатады. Бір өзі ойынды жеңе берсе немесе бір өзің бөлмеде ойнау қызықсыз. Сондықтан әдетте компьютер клубтарда біреуі ойнап, оны қарап тұратынын немесе біреуі екіншісі біріне ананы бас, былай жүр деп үйретіп отыруы қалыпты құбылыс.
  4. Бастыққа емес, жауаптары жазылған кітапшаға иек артады. Әрбір видеойынның әдетте кітапшасы болады. Сол кітапшада оңай жүрістер, құпия әрекеттердің оңай тәсілдері жазылады. Сондықтан ойынқұмарлар ақыл айтқан адамға емес, сол кітапқа сенеді.
  5. Мақсатын айқын біледі. Егер ойын ойнағанда мақсатын білмесе, ойнай алмайды. Сондықтан оларға мақсаттарын білу аса маңызды.
  6. Көрмей тұрсаң, елеме! Ойындардың барлығында дерлік әдетте жаудың кім екене, қиындық немесе кедергі қай жерде екені анық көрініп тұрады. Егер ондай нәрсе жоқ болса, елемейді. Бірақ өмірде көзге көрінбес кедергілерді алдын ала анықтай алмасаң қиын.
  7. Серіктесті дұрыс табу. Бір-бірімен жарысқан қос ойынқұмар деңгейлері бірдей болғанын қалайды. Әлсіз ойыншымен ойын ойнаған қызықсыз. Үнемі жеңіліп қала береді. Сондықтан олар өз деңгейіне сай адамдармен жақсы істеседі.

Зерттеу нәтижесі компьютер ойындарын ойнау қорқынышты емес, кересінше бүгінгі нарыққа қажетті біліктіліктерді шыңдайды деген тұжырым жасайды. Зерттеуші айтқан мысалдардың денін інімнің және өзімнің бойымнан тауып отырғандықтан зерттеудің дұрыстығына күмән келтірмедім. Компьютер ойындарын ойнайтын болсаңыз, өз бойыңыздан осылардың қайсысын кездестірдіңіз?

10 thoughts on “Супер Марио, Стратегия ойнау қауіпті деп кім айтты?

  1. Roma Total Ware ойынын ойнағанды жақсы көремін. Тамаша стратегия ойын…Сол ойынды ойнасам көне тарихқа барып қайтқандай боламын )) сайты мына жерде http://www.totalwar.com/rome

    • “Стратегия” түріндегі ойындарды ойнап көрмеппін. Бірақ қазір бау-бақшаға байланысты ойын күллі рейтингті қағып тұр деп оқып едім.

  2. Осыдан 2-3 жыл бұрын ғой деймін, “Рим қақпасын” тұрғызам деп, ай бойы ойнап, онсыз да әлсіз көзім “бұлдырап” қалған… содан бері ойын дегенге көп жоламауға тырысам🙂

  3. Өз басым біраз ойныдарды ойнағанмын. Age of Empires, Commander тағы басқалары дегендей. Көбі стратегия. Қазір “Штурмовики” деген ойын бар. Ауыр, бірақ ұшағыңыз кәдімгі ұшақтардан аумайды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Ил-2, Спитфайр, Зеро сияқты ұшақтардың көшірмесі. Панелдері де солай. Ойындар бәрібір қызықтырмай тұрмайды. Дегенмен, Асекеңнің бұл жазбасынан біраз жайға қанықтық. Енді балаларға ойын таңдағанда да осы мәселелерді ескерерміз.

    • Сіздің “Штурмовики” ойнап отырғаныңызды елесете алмай отырмын🙂 Бірақ ұнап жатса, жақсы ойын шығар. Америкада қазір тарих пәнінде соғыс тақырыбын осындай ойындармен түсіндіретін болып жүр екен.

  4. Бау-бақшаға қатысты ойындарды, головоломкаларды жақсы көремін. Зума, пао-пао дегендерді неге екенін білмеймін ұнатпаймын.

    • Бау-бақшаны офистегілердің көбісі ойнайды деп естідім. Паопао деген әлгі сәйкес шатыраштарды тез табатын ойын ғой. Музыкасы ойнап тұрады.

  5. GTA-ның түбін түсіретін едік кезінде🙂 Көңіл-күйің болмай отырған күні жолыңдағылардың бәрін басып-жаншып, содан іштей рахат аласың. Бұл ауру көбінде бар екенін мойындау керек😦
    Ал бірақ “Паопао”, “Айырмашылығын тап” деген сияқты басқатырғыш ойындардың пайдасы көп, логиканы дамытады.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s