13.QB. Тамызда тіркелген қазақша блогтар


Астанадағы "Мінбер" тренингіне қатысушылардың кеңесі

Астанадағы "Мінбер" тренингіне қатысушылардың кеңесі

Шілде айында жаңадан 8 блог тіркелсе, тамызда 10 11 блог тіркеліпті. Блог бастасам деген қызығушылықтың бәсеңдемегенін байқап отырмыз. Төмендегі блогтардың ішінде жаңармағандары бар. Себебі әртүрлі болуы мүмкін. Бірі блогқа қалай, не жазарын білмесе, кейбіреулері блогтарына қалай кіретінін ұмытып қалған болуы да мүмкін. Бүгін уордпрестегі қазақша блогтар қазақ тіліне қалай әсер еткенін білмек болып, шағын зерттеу жасап көріп едім. Нәтижесі қызық болып шықты. Алдағы апталарда жазба арнамақ ойым бар. Ал әзірге жаңадан қосылған блогшыларға “Блогстанға қош келдіңіз!” демекпін!

  1. http://marataga.wordpress.com/ (04.08.2011 ) “Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықтың ұрпағымыз” дей келе автор “Алаш жастары” атты блогқа ұлт, тілге қатысты өлеңдерді жариялапты.
  2.  http://3wtoshkakz.wordpress.com/ (09.08.2011) жаңаланбаған
  3.  http://ermuhamet.wordpress.com/ (11.08.2011 ) жаңаланбаған
  4.  http://altyalash.wordpress.com (12.08.2011 ) “Серіктің блогының” авторы Серік Құдайбергенұлы болар деп шамаладым. Блогта әзірге Серік Құдайбергенұлының Балғынбек Имшевпен жасаған сұхбаты жарық көрген.
  5.  http://applyforbadcreditcard669.wordpress.com/ (13.08.2011 ) СПАМ БЛОГ: Қазақ тілін таңдап блог тіркегендегі мақсаттары кредит тақырыбымен оқырманды арбау болғанға ұқсайды.
  6. http://akparak.wordpress.com (15.08.2011) “Ақнұрдың ақ парағы блогы” ашыла салысымен рухани жазбаларға толыса кетті. Тамыз айындағы ең белсенді блог десем артық айтпаспын. Ақ үйдің иесімен танысамын десеңіз, блогына бас сұғыңыз!
  7.  http://karlugash.wordpress.com (16.08.2011) “Қыр қызғалдағының блогында” ашылғалы бері “барлық қолданушыларға арналған” деген сөзден басқа жазбы жарық көрмепті.
  8.  http://argynberik.wordpress.com/ (23.08.2011) Өзі жайлы: ” Алдымен қазақпын. Журналистика саласында жүргеніме екі жыл болды. Аздап өлең шығарып, ақ парақты сиялаймын. Оралхан Бөкей мен Жүсіпбек Аймауытовтың шығармалары жаныма жақын. Солай…” деп таныстырған автор – Берік Сұлтанов екен.
  9.  http://abaikaz.wordpress.com/ (24.08.2011) AbaiKAZ блог ашқан қуанышымен бөліскен. Әзірге одан басқа жазба жарық көрмеген.
  10.  http://oskemen.wordpress.com/ (26.08.2011 ) Блогты тіркегендегі таңдаған атына қарап, Өскемен қаласынан деп топшылауға болады. Бірақ өзі жайлы мәлімет қалдырмаған.
  11.  http://beibitov.wordpress.com/ (27.08.2011 ) Қызылорда облысында дүниеге келген Бейбітов Нұрлан Ғазизбекұлының “Дін ислам – діңгегім” деген блогы. Әзірге еш жазба жарияланбаған.

8 thoughts on “13.QB. Тамызда тіркелген қазақша блогтар

  1. Мына жазуды жаңылмасам сымбат жазды /өскемендік тілші/. 3/1 деген ол сурет түсіруге қатысты. Суретке түсіргенде алдын ала кадрды тоғыз бөлікке бөліп, түсіретін адам сол бөліктердің қиылысқан жерінде тұрса сурет сәтті шықпақ. Осыны мен жадымда тұттым.

    • Шынымен де Сымбат болар. Тренингте бір кеңесіміз болса да есте қалғанына қуанып отырмын, Бек!

    • Шынымен де, блогыңыздың тамызда тіркелгенін аңдамай қалыппын. Кешірім сұраймын. Қазір қосып қоямын. Дер кезінде ескерткеніңізге көп рахмет!!! Блогыңыздың тұрақты оқырмандарыңыздың бірімін🙂

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s