Facebook топтарынан құтылу үшін


Facebook logo

Image via Wikipedia


Соңғы кездері Facebook-та бірінен соң бірі топтар ашылып, әй-шәй жоқ мені қоса салатын болыпты. Шамасы FB-тың privacy деген жеріне мән бермеген болармын.

Арасында келелі әңгіме қозғайтындары барын жоққа шығармаймын. Енді кейбіреулеріндегі пікір алмасуларына қарап, қарның ашады.

Егер сізді де әртүрлі топтарға қосып қойып, олардан келетін түрлі мазмұндағы хаттар мазаңызды алатын болса, сол топқа барып, оң жақ бағандағы Leave a Group дегенді бассаңыз, топтан өз еркіңізбен шығасыз. Ал егер, топтан шыққыңыз келмесе, онда сол топтағы Edit дегенін түртіп, хаттар поштама келсін деп белгіленіп тұрған жерін алып тастау керек.

Facebook туралы сөз қозған соң, қосымша мәлімет айта кетейін. Қазақстандағы Facebook әлеуметтік желісін қолданушылар саны 300 мыңға жуықтап қалды.

Бар болғаны осы. Интернетте де әдептілік сақтап, бір-бірімізге құрметпен қарайық дегім келеді. Егер осы жазылғандармен Facebook-тағы достарыңызбен бөліскіңіз келсе, жазбаның астындағы Бөлісу деген жердегі Facebook түймесін бассаңыз болғаны. Күніңіз сәтті өтсін!

One thought on “Facebook топтарынан құтылу үшін

  1. Осы мәселе мені де толғандырып еді. Минут сайын сол топтардан қызықсыз хаттар келеді. Шешімі табылды🙂 , сізге рахмет ақпарат үшін.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s