Құдай туралы сыбырластық


Life Imitates Art

Image by ewixx via Flickr

Сәрсенбі күнгі сабақтарым кешкі сағат тоғызда аяқталды. Доктор Майклдың сабағын таңдағанда мәтіндерді сараптап, соның әдістемесімен танысатын болармыз дегенмін. Қателесіппін. Text of Mass Media деген сабақта мәтін емес текст туралы әңгіме қозғаймыз. Текст дегенде қағазға түскен әріптердің жиытығы емес, оқып, тануға болатын, ақылға салып сараптауға болатынның барлығы.  

Жаратылыстың барлығы – текст. Себебі оны оқуға болады. Кеше Доктор Майкл Intertexuality жайлы пікірталасқа себепші болды. Intertextuality текстердің бір-бірімен астасып жатқанын айғақтайды. Біріміз текстердің жаңасы болады дейміз, біріміз болмайды дейміз. Майкл тоқетерін айтты: “Бұл дүниеде оригинал жоқ. Біз тек көшірмені ғана көріп жүміз. Біздің жаңа деп қабылдағанымыз ол өзінің алдыңғысының көшірмесі немесе өзгелерінің жиынтығы” деді.

Бәріміздің де сол кезде “сонда тексттің түпнұсқасы қайсы?” деген сұрақтың жетегінде қалдық. Мәселен, Ромео мен Джулиеттаға қатысты махаббат хикаялары (кино, музыка, сурет, әңгіме т.с.с.) Адам ата мен Хауа анаға келіп тіреледі. Бірақ Адам ата мен Хауа ананың махаббаты қайдан бастау алды? Махаббат қайдан басталды? Түбін қаза бергенде бір Жаратылысқа келіп тіреледі. Менің тілімнің ұшымда Ол – Аллаһ!

Класта әртүрлі сенімдегі студенттер бар. Бірі шыдамай: “Сонда осы теорияны жоққа шығарушылар бар ма, болса, уәжі қайсы?” дейді. Сөйтсек, бұл теорияға мардымды уәж айтқан ешкім жоқ екен. Ғылым атаулы жаратылысты жоққа шығармайды.

Айналамыздағы күллі ғылыми жаңалық дегеніміздің барлығы жаратылыста бұрыннан бар жаратылыстардың негізінде дүниге келген. Самородок жоқ екен. Әлһамдулиллаһ!

3 thoughts on “Құдай туралы сыбырластық

  1. Жоқтан бар жасаушытек бір Алла, ал қалғандары бар нәрсені өзге түрге енгізушілер ғана деген теория ғой бұл🙂

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s