ВИДЕО: Тұрсынжан Америкада Дапанджиді қалай жасады?


Ораза айттың бірінші күні Тұрсынжандікінде қонақта болғанда Дапанджиден дәм татқанымды айтып едім. Содан түсірген шағын видеоммен бөлісіп отырмын.

Дапанджиді көбіне тауық етінен жасайды. Сосын оған лағманның нанын қолданады (Оны қалай жасайтынын әзірге білмеймін). Тауық етін сүйегімен қоса бөліктерге бөліп, майға қуырған соң, оған лазы т.с.с көкөністерді қосады. Сосын арнайы қосатын ащы қоспасы бар. Тұрсынжан оны Үрімжіден өзімен ала келген екен. Соңынан нанын бөлек суға қайнатып алады.

пысы. Алматыда ең дәмді Дапанджиді іздеп, әдетте достарымызбен Розыбақиев бойындағы Paradise деген кафеге баратынбыз.

4 thoughts on “ВИДЕО: Тұрсынжан Америкада Дапанджиді қалай жасады?

  1. Дапанжиды(大盘鸡) айта бастасаңыз жатақхана өмірі басталған біздің қарынымыз аша бастайды ғой :)). Менің туған жерім Тарбағатай аймағы, сол Тарбағатай аймағына қарасты Сауан деген аудан бар. Сауан – осы дапанжидың ата мекені. Жыл сайын осы ауданда дапанжи мерекесі болып тұрады. Дәм тартса барарсыздар.🙂

  2. сәлем

    – видеоның 12-14 сек. қай тілде сөйледі досың?
    – тауықтың қуырылғаны мен аскөктің туралғанын ғана түсіріпсің… неге?
    – ол жақта да дайын қамыр сатылады екен ә? күшті. біздікінен өзгеше ма?

    ютубқа көп видео іліпсің. бәрін асықпай қарап шықтым. ұнады.

    • сәлем!
      – ұйғырша сөйлеп жатқан болар
      – батарейкам отырып қалды🙂
      – қамырды өзі жасады. Келесі жолы лағман пісіріп, нан жапқанда мені шақырамын деген🙂

      Видеоларымды қарап шыққаныңызға рахмет!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s