Рамазан айы несімен есте қалмақ?


Өсімдік те гүлдейді

Өсімдік те гүлдейді

Рамазан айын берекелі өткізудің жолына қатысты құнды кеңестерді productiveramadan.com деген сайттан оқып отырамын. Соның ішінде мына бір сұрақ өзіме ерекше ұнады.

1. Биылғы Рамазандағы Аллаһ разылығы үшін атқарған ең үлкен құлшылығың қайсы?

Мысалы, күн құрғатпай тарауих намазына қатыстың; ешкімге айтпай жетімдер үйіне барып, көмектестің; көшедегі қайыршыны тойдырдың; өзіңнің ең құнды дүниеңді Аллаһ ризалығы үшін біреуге сыйладың, ақшам намазы алдында мешіт ішіне құрма мен су апарып қойдың т.с.с.

2. Осы Рамазаннан келесі Рамазанға қандай жақсы дағдыны ала бармақшысың?

Мысалы, намаз оқуды бастадың; таңертең ерте тұру; күніне бір хадис жаттау; үнемі үйден шығарда дұғаны айту; бес уақыт намазды мешітте оқу т.с.с.

Сұрақтарға жауап бергенде өз-өзіңе жауап бересің ғой. Шын жауап беріп, өзіңнің ішіңе үңіліп көрсең, жауап табар ма екенсің? Әлде ораза тек қана ішіп-жемнен тиылумен ғана шектелді ме екен?

Менің де түсінігімде Рамазан – иманның түлеуіне себеп болатын берекелі ай. Аллаһ тағала өсімдіктің де бүр жарып, гүлдеуін көрсеткенде әрбір әрекеттің соңы жемісін беретінін білдіреді деп түсінемін. Әрі құлшылықтың жақсысы аз да болса, тұрақты жасалып тұратыны екені рас. Сондықтан Рамазаннан Рамазанға дейін жақсы мұсылман болуға жазсын!

Рамазан айының аяқталуына да санаулы күндер қалды. Жақсы амалдар жасауға әлі де кеш емес. Ауызашар жасауға болады. Садақа берсең де жөн. Аллаһ тағала әрбір құлшылығыңды қабыл қылғай!

6 thoughts on “Рамазан айы несімен есте қалмақ?

  1. МашАллаһ, керемет! Ертең қасиетті Қадыр түні, көбірек дұға оқып, дін аясында салиқалы әңгіме айтып не болмаса мешітте өткізген жақсы ғой! Қабыл болсын Инш!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s