Өліктің суретін көрсетуге болмайды десе де…


Оманнан келген Абдолла екеуміз шаштараз іздеп жүрміз. Сенбі күні Ларами тым-тырыс. Кісі тұрмайтын қала сияқты. Күн шақырайып тұр. Екеуміздің де ерніміз кеберсіп кеткен. Шөлдесек те сыр бермейміз. Оразаның қарыз күндерін көбейткіміз келмейді.

Мен оған өлім туралы айттым. А, жоқ. Үйден шығарда қалтамда жүретін “Мұсылман қорғанындағы” дұғаның арабшасын дұрыстауын өтіндім. Менің білетінім: “Лә һаулә уә ла қуатта иллә билләһ” болатын. Абдолла шынын айтты. “Діндар емеспін. Жүрегіммен сене алмаймын. Мен үшін намаз оқу әдет сияқты. Діни отбасында туып-өссем де, не себепті Қағбаны жеті рет айналу керек екенін әлі күнге дейін түсінбеймін” деді. Үндемедім. Ішімнен “Арабша білетін адамның Құранды түсінбеуі қалай?” деген сұрақ шыр айналып тұр. Сосын өзім туралы айттым. Өлімді ойлаған сайын бұл дүниенің сынақ екенін еске түсіремін дедім. Осылайша тақырып өлімге ұласты. Ол тағы да шынын айтты. “Кішкентай кезімнен отбасындағы ағайын-туманың, әке-шешемнің мейріміне бөленіп өстім. Бір күні олардың бірі дүниеден қайтады дегенге сене алмаймын. Мен бұған дайын емеспін” дейді. Тағы да үнсіз қалдым. Себебі жақыныңнан айырылу қандай екені маған жақсы таныс. Қорқатын түгі жоқ. Бәрі де Аллаһтың қалауы.

Жолда бір шаштараз кезікті. Алдында Google-дан тексергенде қалада шаш қиятын бар-жоғы үш жер бар деген. Соның біреуі болса керек. Жабық екен. Есігінің алдында қараңдап бірдеңе жатыр. Жақындап қарасам, торғай өліп қалыпты.

Ажалы неден болды екен? Неге дәл есіктің аузында жатыр? Көлеңке іздеді ме?

Бұл Рамазан айының жиырмасыншы күні еді.

5 thoughts on “Өліктің суретін көрсетуге болмайды десе де…

  1. “Арабша білетін адамның Құранды түсінбеуі қалай?” деген сұрақ шыр айналып тұр.
    Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін түсінбейтін қазақтар бар ғой. *54

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s