«Potluck» ауызашар


Бүгін Ларами қаласындағы мешіттің жұма намазына қатыстым.

Хұтбада туралықтан ауытқымау, ата-ананы сыйлау жайлы айтылды. Имамның ағылшынша уағызы түсінікке жеңіл, әрі өте ойлы болды.

Төмендегі видеода Рамазан айын берекелі өткізудің жолы айтылады. Оразаның аяқталуына да санаулы күндер қалды. Мүбәрәк айдағы құлшылық-ғибадаттарыңыз қабыл болсын! Садақа беруді ұмытып кетпеңіз!

Пысы. Кешке ларами мұсылмандары potluck жасамақ. Яғни, әркім өзімен бірге бір тамақ әкеліп, ортақ дастарханға қояды. Ислам діні американың дәстүрінен де өз орнын тапқанына таңқалмасқа шарам жоқ.  Алматыдан ұшарда «Рахат» шоколодын алған едім. Соны апарсам ба екен деп ойлап отырмын… Әлде үндістердің ресторанынан Бериани чикен сатып алсам ба…

Advertisements

4 thoughts on “«Potluck» ауызашар

  1. Мына видеомен бөліскеніңізге рахмет! Біраз пайдалы ақпарат алдым)) Бір жарым сағаттық циклмен ұйықтау дегені енді керемет! Көру керек)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s