Америкалықтардың діни тәрбиесі


Шонның кенже қызы - Клэр

Шонның кенже қызы - Клэр

Өткенде осындағы бір америкалық үйіне қонаққа шақырды. Әйелі көрші Колорадаға кетіпті. Үйінде Клэр және Грейс деген екі сүйкімді қызы бар. Үлкені төрттерден асса, кішісі екінің шамасында.

Бір қызығы есіктерін ешқашан кілттемейді екен. Әрі басқа америкалықтар тәрізді үйінде аяқкиіммен жүрмейді. “Жапонияда өмір сүрген жылдары үйрендім. Содан бері біздің үйде барлығымыз үйге аяқ киім шешіп кіреміз” дейді үй иесі Шон.

Жұма күнгі Көкөніс жәрмеңкесіне келгендер

Жұма күнгі Көкөніс жәрмеңкесіне келгендер

 

Көшеге көлігін қаңтарғада терезесін ашық қалдыратын жалғыз Шон ба деп ойласам, қателісіппін. Ларамиліктердің дені көліктерін де, үйлерінің есіктерін де ашық қалдырады. Себебі тұрғындар өте діндар.

Шонның айтуынша қалада бір мешіт және елудің аса шіркеу бар. Тіпті еш дінге сенбейтін бірақ, елден ұят болып сену керек болған соң сенетіндердің де шіркеулері де бар екен.

Ларамиліктердің діндарлығын Шонның кіші қызы маған “Кітап оқып берші” деп кішкентай түрлі-түсті кітабын ұсынғанда түсіндім. Әлі әріп танымайтын бүлдіршіннің кітап оқуға деген қызығушылығына сүйсініп, қолыма кітапты алғаным сол еді, “Иса мені жақсы көреді” деген суретті, тақпақты кітап екен. Кішкентай Грейс болса, “Бұл менің жақсы көретін кітабым” дейді. Баланының кішкентай кезден Исаға (а.с.) деген махаббатын оятатындары ойлантты.

Пысы. Жазбаның толық нұсқасын әрі суреттерін neweurasia сайтынан көре аласыз.

9 thoughts on “Америкалықтардың діни тәрбиесі

  1. діндар болғандары жақсы, бірақ дінді дұрыс түсінетін христиан болса ғана. әйпесе кейбіреулер басқа діндердегілерді жою керек деп “кристовый” шеруге шығып тұратындары бар. абайлап жүріңдер, Еркімбай отбасы!

    • Оның рас. Мына жақта Қазақстан азаматтарын көп кездестірмесем де, Қазақстанда діни миссиямен барған студенттерді көбірек кездестіріп жүрмін.

  2. “Баланының кішкентай кезден Исаға (а.с.) деген махаббатын оятатындары ойлантты.”

    Қандай ойлар келді? Мысалы қазір исламда Аллаға деген махаббаты оятуға емес халықты жаппай “намазға” жығуға деген құштарлық басым. Қанша жерден “дін ұстап”, намаз оқыса да өзін өзі жаратын жарыместер осындайдан шығады.

    • Бізде де балаға кішкентай кезден: “Құдай саған қарап тұр, Құдай сені көріп тұр” деп үйретсе, жаман болмас еді.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s