Америкада не жоғалттым?


Уашакидің елінде

Уашакидің елінде

Америкада жүргенім рас. Қазақстанда отырған болсаң, арамыздағы уақыт айырмашылығы 12 сағат. Уайоминг деген штаттың Ларами деген қаласындамын. Бұрын Денвер деген диназавр туралы мультфильм көретінмін. Сол Денвер деген қаладан 2-3 сағаттық жерде. Алматы-Франкфурт-Вашигтон-Денвер арқылы кешегі суретте көрсеткен ұшақпен ұшып келдім.Вашингтонда екі күндей Pre Depature Orientation-де болдық. Яғни, екі күн бойы оқудың жай-жапсарын, құжаттарды рәсімдеу т.с.с. жайттарды тәптіштеп түсіндірді.

“Америкада не жоғалттым?”  Білім. Мұхит асып, білім қуып келгенім бар. Аллаһым, екі дүниеде де пайдасы тиер білім беруді нәсіп етсін! Muskie деген АҚШ үкіметінің бағдарламасы бар. Жыл сайын 10-12 орын бөлінеді. Былтыр күзде соған құжаттарымды тапсырған едім. Төрт кезеңнен тұратын іріктеу процесінде бір орынға 50 үміткер таласыппыз. Оны кейін шәкіртақыны жеңіп алған соң білдім. Кейбіреулер бұл бағдарлама төрт жыл қатарынан тапсырып, жеңімпаз атанып жатыр екен. Блогқұрылтайға дайындықпен қарбаласып жүріп, осы бағдарлмаға қатысқан соң көп үміт артпап едім. Себебі емтихандарына да (TOEFL, GRE) түк дайындықсыз бардым. Сөйтсем, Muskie-де тіл емес, ниетке, үміткердің алдына қойып отырған бағытына көп мән береді екен.

Ең үлкен кемшілігі университетті сен таңдай алмайсың. Құжаттарда толтырған мәліметтерге қарап, өздері универді таңдайды. Сөйтіп, бұрын-соңды естімеген Wyoming деген штаттың Laramie деген қаласында отырмын.

Америкалық үндістер мекенінде әуежайлары да типи тәрізді салынған

Америкалық үндістер мекенінде әуежайлары да типи тәрізді салынған

University of Wyomingдеп аталады универіміз. Кампусы енді керемет салынған. Қала тұтастай осы универдің айналасына шоғырланған. Басында бұл қалаға бармаймын деп біраз бұлданғаным бар еді. Қазір шағын ғана қаланы көріп, көңілім орнына түсті. Тып-тыныш. Мимырт тіршілік екен. Алматыдағыдай асқақтаған таулары бар. Жезқазғандағыдай сары даласы бар.

Бұлттар қол созым жерде көшіп жүргендей

Бұлттар қол созым жерде көшіп жүргендей

Бұл жақтың райына бойымыз үйренісуге 2-3 апта кетеді деген. Кешелі бері ұйқым келе берген соң, jetlag-тан (уақыт белдеуін ауыстарған кезде ішкі биологиялық сағаттың ауытқуы) болар деп топшылағанмын. Сөйтсем, қала орналасқан жерде оттегі көп екен. Содан басында ұйқысұрайсың деп түсіндірді.

Келгеніме екі күн болды. Әуежайдан Халықаралық студенттер бөлімінің адамы күтіп алды. Күні бойы қасымда жүр. Кешелі бері пәтер іздеп жатырмыз. Оған дейін қонақ үйге орналастырды.

Қызыл жапырақты ағаштың арасынан сығалаған тиын

Қызыл жапырақты ағаштың арасынан сығалаған тиын

Менімен бірге Қазақстаннан барған қалған 10 студентті 10 штатқа жіберді. Бағдарламаның ерекшелігі де сонда. Бір штатта бір елден бір ғана студент оқиды. Бағдарлама туралы толығырақ IREX сайтынан оқуға болады.

Уашаки - осы өңірдегі тайпаның көсемі

Уашаки - осы өңірдегі тайпаның көсемі

Алдағы уақыттарым енді отбасымды осында алып келудің құжаттарын реттестірумен кетпек. Сондықтан ұзақ уақыт байланысқа шықпасам, түсіністікпен қарарсыздар. Muskie бағдарламасына көбіне отбасыла болғандар қатысады ма деп ойлап қалдым. ТМД елдерінен ұзын саны биыл 105 адам оқуға келіп отырмыз. Біреулер бір жыл, біреулер екі жыл дегендей. Менікі екі жылдық.

Универ кампусы отбасының бірінші құндылық екенін еске салады

Универ кампусы отбасының бірінші құндылық екенін еске салады

Студенттердің дені отбасылы, балалы-шағалы екен. Бірақ отбасын алып келуге рұқсат беретін визаны (J-2) рәсімдеу үшін бірінші біраз құжаттарды реттестіру керек болып тұр.

Айтпақшы, не оқитынымды айтпаппын ғой. Сол журналистика ғой. “Болашаққа” құжат тапсырғанда: “Бастапқы оқығаның журналистика емес, сондықтан master degree тапсыра алмайсың” деп бетімді қайтарып тастаған еді. Амалсыз осы бағдарламаға тапсырғанмын. Не де болса, һайырлысы!

Мен оқитын универде Қазақстаннан 4 студент бар деп естідім. Бірақ олар әлі оқудан келмепті. Болашақта көре жатармыз.

Бұрынғы шіркеу - қазіргі мешіт

Бұрынғы шіркеу - қазіргі мешіт

Пысы. Кеше ауызашарда жергілікті мешітте болдым. Жергілікті мұсылмандар бұрынғы шіркеу ғимаратын сатып алып, мешітке айналдырыпты. Оразаларыңыз қабыл болсын!

54 thoughts on “Америкада не жоғалттым?

  1. Ассалаумағалейкум, Асхат! Мен демалыста жүргенде өміріңде жақсы өзгерістер болыпты: Келін екеулеріңе бақыт тілеймін! Мына оқуыңды да Алла сәтін салып, жақсылап бітіріп елге орал! Қайда жүрсең де Алла жар болсын!

  2. WOW!!!

    1- Тойың құтты болсын!
    2- Оқуың құтты болсын!
    3- Жаңа қоныстарын құтты болсын!

    Күшті өзгерістер болыпты өміріңде! Тек жақсылыққа әкелсін! Күшті! Керемет!!!

    п.с.: сабағыңды жақсы оқы!

  3. Okunizdi zhaksi okip bitirunizge tilektespin!
    Otbasinizdi koshirunizge bir Alla koldau bolsin!
    Wyoming kalasi jaksi sekildi, nede bolsa endi sol jerde 2 turip okisiz😉
    Sattilik! jolinizdi bersin!

  4. Екі жыл дегенің, екі айдай бола ма… (“хит” әннен үзінді)
    Алла қайырлы білім нәсіп етсін.

  5. Әйтеуір әуежайдан түскенде әбден тәптіштеп тексерген жоқ па? өткенде бір солай болады деп естіген едік🙂

    • көп қорқыта береді. Әдеттегідей болды. Әуекомпанияларының заңдылықтарын (тасуға болатын заттар, жүктің көлемі тс.с.) ережелерін бұзбасаңыз, ешкім де тиіспейді.

  6. Вайоминг дегенді естісем американдық актриса Вайона Райдер есіме түседі ))) Штаттың аты сондай әдемі )
    Сабағыңызды жақсы оқыңыз! Барлық істеріңіз алға бассын!😉

    • Алғаш рет естігенде маған қытайша атау тәрізді елестеген. Сөйтсем, осы өлкеге алғаш қадам басқан француз жиһанкезінің тегі екен.

    • Алғашында намаз оқитын бөлме болыпты. Бірте-бірте мешітке айналды. Универде де намаз оқитын шағын бөлмесі бар екен.

      • Демократия деген сол болар. Діни сенімге де еркіндік берілген. Ал мұсылман елі саналатын біздің қазақстанда жағдай керсінше.

  7. Қуаныштымын,Асхат! Көңіліңдегі армандарың асулардан асып, орындала берсін. Сендей қазақтың азаматтарының біліміне білім қосып, оқу іздегені,талаптануы оңды,аман-есен елге оралуыңа тілектеспін. Блогшылар сені асыға күтеді!

  8. Керемет, құтты болсын! Оқуыңызда сәттілік тілеймін…

    Пы.Сы. Шетелде оқу бізге де бұйыра берсін😉

  9. Иә, пайдалы білімді нәсіп етсін! Оқуыңызға да, құжаттарыңызға да сәттілік!!)) Қала жақсы екен, тиыны КАзГУ-ді есіме түсірді… Бір бұйырса, сіздерге Америкаға қонаққа барармыз🙂

  10. Армысыз Асеке! Құттықтауымды қабыл алыңыз! Андағы елде интернет бар ма екен? ))) Өткенде семинарла лекция оқыған Дэвид Моулдтың сөзі есіме түсіп отыр. “Америкадағы ауылымда интернет жоқ ед, Астаналарыңда бар екен ғой” деген сияқты))) Амандықта оралыңыз!

  11. қайта жазып отырмын Асеке “IWPR кітабының электронды нұсқасы” жазбаңыздан кітапты лактырып алатын жерді таппадым! бірақ оқуға желігіп отырмын… адресин айтып жібересіз бе?

  12. Жылдамырақ отбасыңызды екі жылдық мерзімге көшіріп алыңыз. Өте жылдам…:)

  13. Wow, that WAS you in a photo I saw of my friend Aliya and others in Wash. D.C. She was a Muskie at Vanderbilt. Congrats!!!

  14. Өзіңіздей үлгі алатын ағаларымыз көп болсын! Жасай беріңіз! Қанаттарыңыз талмасын!

  15. Құтты болсын, аға!!! Көп боласыздар ма? Мастер жасайсыз ба? алда, PhD ма?)))
    Американың бір этажды елді мекендері көп қой… зато, тыныш,кози дейді же)))

  16. Ал, Асхат, бәрі сәтімен болсын!
    Денвер жақсы қала деп естігенмін, геологиялық орталық бар ма, бірдеңе)))

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s