Ағылшынша тіл шығару


Менің ағылшыншам керемет дей алмаспын. Десе де біреудің қажетіне жарар деп ауызекі ағылшын тілін үйренуге қатысты кейбір ойларыммен бөлісіп отырмын. Төмендегі кеңестер академиалық ағылшын тілінен бұрын, ауызекі ағылшын тілін жетілдіргісі келетіндер үшін қолайлы.

  1. Сұрақты дұрыс қойып үйрен. Әдетте бірнеше сұрақтарды жаттап алып, соларды қойған жақсы. Бұлөзіңе деген сенімділігіңді арттырады. Кем дегенде дұрыс сөйлеп тұрғаныңа қуанасың. Бірте-бірте жаттап алған сұрағыңды түрлендіріп отыруға болады.М, May I ask you something? May I ask you a question? etc
  2. Қате сөйлеуден қорықпа. Керісінше шатып-бұтып сөйлей берген сайын, сөйлей алмаймын деген қорқынышыңнан тез арыласың. Ал өзіңнің қате сөйлеп жатқаныңды кейін адамдардың сөздерінен аңғарып, дұрыстап отыруға болады.
  3. Көзіңе ұшырасқан ағылшынша сөйлемдердің бәрін оқи бер. Әсіресе, құлақтандыруларды.  Олар көбіне бұйрық райында немесе хабарлама түрінде беріледі. Ондай хабарламаларда әдетте сөздердің бәрі таныс болады да, тек бірді-екілі жаңа сөздер ұшырасады. М, Please, fasten your seat belt!
  4. Журнал, кітап, брошура бәрін оқи берген жақсы. Көп оқыған сайын ағылшынша ойлануға дағдылана бастайсың. Сөйлеміңнің құрылысы да ағылшынша сөйлейтіндертікіндей болады.
  5. Real Player деген музыка тыңдайтын, видео көретін тегін бағдарлама бар. Гуглдан тауып, жүктеп алуға болады. Соның ішінен BBC радиосынан таңертеңнен кешке дейін online тыңдаған жақсы. Басында түсініксіз быды-быдыдан бас ауыруы мүмкін. 2-3 күннен кейін таныс сөздерді естіп, мәз боласың.
  6. Көшеде, автобуста кездескен ағылшынша білетін шетелдікпен танысып, сөйлесіп қалу мүмкіндігін мүлт жіберме. Олар көп сөйлейтін, қарқылдап күлетіндерді хош көреді.
  7. Екі сөзіңнің бірі “I am sorry”. Бір кісінің қасына тым қатты жақындап кетсең “I am sorry”  деп кешірім сұраған дұрыс. Шетелдіктердің дені көпшілік орында бір-бірінен сәл алшақтау жүреді.
  8. Ең бастысы – ұялған тек тұрмас деген бар. Білім алуда ұялудың қажеті жоқ.

Пы.сы. Суреттегі ұшақтың хикаясына алдағы уақытта тоқталамын, инш!

7 thoughts on “Ағылшынша тіл шығару

  1. Рахмет,ағай! Жақсы кеңестер екен!
    ЗАман талабына байланысты ағылшын тілін меңгеру міндетті екені рас. Осы орайда, көбіміз курстарға барып, репититор жалдап жатамыз. Мен көбінесе, сөздіктерді жаттаймын. Магмиллоннан шыққан кітаптарды оқып, соның тамсырмаларын орындаймын. Соңыдағы дискті тыңдаймын.
    Менің ойымша, курстарға барғаннан гөрі, әр адам өз бетінше оқығаны дұрыс секілді.

    • Жөн сөз! Әр адамның болмысы әртүрлі ғой. Сондықтан әркім өзіне қолайлы тәсілді тауып алғаны жақсы.

  2. Ағылшынша үйренуді 29 жасымда басатағалы отырмын.
    Қазіргі деңгейім жалпы алғанда 0 деп айтуға болады, қандай кеңес бересіз? және қайдан дұрыстау оқулық жүктеуге болады?

    • Көбірек оқып, тыңдаған жақсы. Сіздің жасыңызда ағылшын тілін үйренуді бастаған таныстарым жаттағаннан гөрі өз бетінше “Мынау неге былай болды екен?” деп ой жүгіртіп, граммтиканы жақсы меңгеріп кететін. Оқулықтар өте көп. Өзіңізге қолайлысын табу үшін әрқайсының дәмін татып көру керек шығар. Алматыда InterPress (Байтұрсынұлы-Шевченко немесе Мамыр-1) кітап дүкенінде кітаптар көп. Соларды қарап көруге кеңес беремін.

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s