11. QB. Маусым айында тіркелген блогтар


Маусым айында kk.wordpress.com блогтұғыры құрсауланғанымен ай басында жаңадан блогтар тіркелген еді. Соларды таныстырғалы отырмын.

      1. 01.06.2011    http://armankala.wordpress.com/ Әркімге өз қаласы ыстық екені сөзсіз. Басында блог атауын көріп, Астанаға арналған болар деп ойлағанмын. Сөйтсем: “блог Маңғыстау өлкесіне, Ақтау қаласына арналған. Мұнда осы мекендегі жаңалықтарды барынша қамтуға тырысамын” депті блог авторы.
      2. 01.06.2011    http://asanazimkhanuly.wordpress.com/ Асан Әзімханұлының блогы
      3. 02.06.2011    http://erkebulan85.wordpress.com/ Өлеңдер жарияланғанына қарап, ақынның блогы болар деген ой келді
      4. 05.06.2011    http://kmunishah.wordpress.com Әншілігімен ел ішінде танылған Құрмаш Махан енді блогымен де танылады деген үміт бар. Құрмаш Маханның “Мунишах” деген аты ерекше блогы ашылды.  Блогымды қалайша қызықты етемін деп кеңес сұрап жатыр.
      5. 07.05.2011    http://axattaxat.wordpress.com/ “Мәліметтер базасы” блог аштық деп сүйіншілегені болмаса, әзірге жазба жарияламапты.
      6. 07.06.2011    http://quginbay.wordpress.com “бұрын nurjanbay деп тіркелген едім. паролін ұмытып қайта аша алмай қалдым. сосын жаңадан quginbay болып шыға келдім” дейді елге пайдалы ақпарат ұсынсам деп ниеттенген блогшы. Блогтың паролін ұмытып қалсаңыз, оны қалпына келтіру жолдары бар екенін айта кеткім келеді. Бар болғаны блогқа кіргендегі сұралатын “Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?” дегенді бассаңыз болғаны
      7. 07.06.2011    http://erkalar.wordpress.com/ “Сіз қазақ үшін не істей аласыз?” деп сұраған erkalar блогының авторы Еркебұлан Мақамбетұлы өзінің ұлттық танымға қатысты ойларымен бөлісіпті.
      8. 08.06.2011    http://qazaqtili.wordpress.com/бұл блогтың авторы тіл жанашырларының бірі – Фазылбек Әбсаттарұлы. Блогта қазақ тіліне қатысты көптеген қызықты мәліметтер келтірілген.
      9. 09.06.2011    http://beibitgulisaeva.wordpress.com/жаңа жазба жарияланбаған
      10. 11.06.2011    http://yerbolat.wordpress.com/Ерболаттың блогының дизайны мен ішіндегі Мұстафа Өзтүрік жайлы жазбаны көріп спортқа арналған блог деп ойлап отырмын.
      11. 20.06.2011    http://ertegileralemi.wordpress.com/Тамшы блогының авторы Амангелді кезекті блогын таныстырған жазбасында: “Әрине, қазір қазақ ертегілерінің барлығын интернеттен табу мүмкін емес. Сондықтан, ертегілерге арналған блог ашып, қазақтың әдемі хиқаяларын салуды жөн көрдім” дейді. Тамаша бастама! Бірнеше ертегілер де жарияланған екен.

Барлық блогшыларға алға қойған мақсаттарына жетулеріне тілектеспін!

2 thoughts on “11. QB. Маусым айында тіркелген блогтар

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s