IWPR кітабының электронды нұсқасы


Қазақ тілінде журналистиканы оқып-үйренуге арналған кітаптар соншалықты көп емес. КазГУ-дағы курстарымда студенттеріме осы кітапты оқуға кеңес берген едім. Өзім бұрындарың бұл кітаптың ағылшыншасын оқып жүрген соң, қазақша аударылса ғой деп армандайтынмын.

2007 жылы қазақша аударылған екен. Аударған Ақбота Жылысова. Редакторы – Жұлдыз Әбділда.

Кітапта төмендегідей тақырыптар түсіндіріледі:

1. Не үшін журналист болу керек?
2. Халықаралық стандарттар
3. Мақалалардың құрылымы
4. Ақпарат көздері
5. Сұхбат алу техникасы
6. Мәліметтерді пайдалана отырып, мәселенің мән-жайын ашу
7. Дәйексөздер келтіру
8. Жаңалықтарды бағалау және мақалалардың стилі
9. Баспа стильдері
10. Жала жабу жөнінде
11. Оқиғаны жауапкершілікпен баяндау
12. Адам құқығы және журналистика
13. Экономикалық журналистика
14. Журналистердің қауіпсіздігі
15. IWPR үшін қалай жазу керек?

Кітапты тегін көшіріп алсаңыз болады. Игілігіңізге жарасын!