Блогты Opera браузері көмегімен басқару


Бірнеше күннен бері wordpress.com-дағы блогтар ашылмай тұрғаны белгілі. Әсіресе Қазақтелкомның Мегалайн өнімін тұтынатын интернет қолданушылар сүйікті блогтарын аша алмай жатқанын айтып дабыл қағуда. WordPress.com-дағы блогтарды Beeline USB-модемдерімен қатар, Opera браузерлерімен де ашуға болады. Төменде соның бір тәсілін көрсетіп отырмын.

1. Opera браузерін жүктеп алып, орнатамыз.

2. Opera браузерінің сол жақ төменгі жағындағы Turbo режимді қосамыз (суреттегідей)

3.  www.wordpress.com адресіне кіреміз

4. сол жақ үстіңгі бұрышқа қолданушы аты мен құпия сөзімізді енгіземіз

5. “My blogs” деген бөлімі арқылы Құрал-саймандар тақтасына өтіп, жазбамызды жариялаймыз.

Егер WordPress.com блогтарын ашудың басқа да тәсілдерін білсеңіздер, бөлісе отырыңыздар.

neweurasia.net сайтында