Блог қару ма, құрал ма?


Бір жылдары ауылымызда бәкі ұстап жүру сәнге айналғаны бар. Бәкіні суық қару деп түсінетін мен үшін де арман еді. Бәкілі болғым келетін. Үйдегі тәрбие ондай заттарды ойыншыққа айналдыруға тиым салмаса да, дұрыс еместігін ұқтырған. Сонда да қатардан қалмайын деп әкемнің сары шабаданындағы темірдің бір ұшын әуелі қара сосын көк изолентамен орап, екінші ұшын қайрақпен қайрап, ойынға ала шығатынмын. Балалармен ортаға топырақ үйіндісін жасап, бәкі деген ойын (бәкіні қолыңа, білегіңе, маңдайыңа тақап, топырақ үйіндісіне қадайсың) ойнағанда өзімді қораш сезінбейтінмін…

Ойлап отырсам, менің блогқа деген қызығушылығым да осы бәкі хикаясына ұқсас секілді. Осыдан екі жыл бұрын бір конференцияда Литвадан келген ғалыммен танысқаным бар. Бұрын ол Ақпарат министрлігін басқарған екен. Қазір оқу орнында жаңа медиа бойынша лекция оқиды. Соның бір сөзі есімде қалыпты:

“Блог – пышақ немесе қасық тәрізді құрал. Оны түсінген адам орнымен қолданады”.

Не екенін білмеген адам біраз уақыт қызықтап, түк түсінбеген соң лақтырып тастауы мүмкін.

… Әрине блог өзіңдікі. Бөтен біреу тартып алмас, қалай пайдаланамын десең де ерік өзіңде. Мен жай ғана кезекті бір ойыммен бөлісіп отырмын.

Пысы. Мамыр айында kk.wordpress.com-да 60-қа жуық жаңа қазақша блог тіркеліпті.

Сурет СС рұқсаты негізінде titicat есімді flickr қолданушысының мұрағатынан алынды.

4 thoughts on “Блог қару ма, құрал ма?

  1. Ойбай айта көрмеңіз таңғалдым. Бәкі дегеніңіз суық қаруға жатады ғой..

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s