Ертең Ережеп айы басталады


Ережеп, Шағбан және Рамазан! Қасиетті үш ай басталмақ. Әлһамдулиллаһ!!! Ертең қала мешіттеріндегі жұма намазда да осы тақырыпта уағыз айтатын шығар деп үміттеніп отырмын. Екі жыл бұрын блогыма мынадай бір жазба жариялаппын:

Хазреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):

“Ережеп (Раджаб) айының бірінші күнінде ораза ұстау үш жылдық, екінші күні ораза ұстау екі жылдық және үшінші күні ораза ұстау бір жылдық кіші күнәларға кешірім болады. Одан кейінгі әр күн бір айлық кіші күнәларға кешірім болады.”
(Жәмиу-с сағир)

Мүфтият сайтында “Ережеп Рамазан айын сүйншілейді” атты жақсы мақала жарияланыпты. Ережептің алғашқы күні жұмаға сәйкес келеді екен. Білетіндерден сұрап едім, ораза ұстайтын болсаң, бір күн ұстауға болмайды дейді. Үш күн қатарынан тұтқан абзал. Ережеп айында ораза тұтпақ болсаңыздар, ниеттеріңіз қабыл болсын! Қасиетті Рамазанға да аз уақыт қалды🙂

2 thoughts on “Ертең Ережеп айы басталады

  1. ох, шіркін, Рамазанға жетсек! ауызашардың рахатын айтсаш! Уаллаһи, рахат қой ауызашар!

    • Құдайым сол күнге сіз бен бізді аман-есен жеткізсін! Сіз тәрізді соның рахатын сезінетіндер көп болсын. Блогыма бас сұққаныңызға рахмет!

Leave a Reply

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Change )

Connecting to %s